ТҰЖЫРЫМДАМА ТАЛАПТАРЫМЕН

33

0

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2 миллионнан астам
зейнеткердің базалық зейнеттік төлеміне
біржолғы қайта есептеу жүргізіледі. Бұл туралы жуырда Орталық
коммуникациялар қызметіндегі брифингте
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Бұл мақсаттарға 137 миллиард теңге жарты жылға, ал бір
жылға 275 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр.
Яғни, 2017 жылдың 1 шілдесінен бас­тап, азаматтың 1998 жылғы 1 қаңтарға
дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылдан кейінгі зейнетақылық жүйеге қатысуы
ескеріледі. Енді еңбек өтілі немесе зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылға
дейінгілер күнкөрістің ең төменгі мөлшерінің 50 пайыз көлемінде, жалпы 20 жыл еңбек өтілі барлар күнкөрістің
ең төменгі жаңа мөлшерінен 70 пайыз көлемінде алатын болады.

Ал 35 жылдан астам еңбек өтілі бар зейнеткерлер
күнкөрістің ең төменгі жаңа мөлшерінен 100 пайыз деңгейінде алады. Министрдің
сөзінше, күнкөрістің ең төменгі мөлшерін есептеудің әдістемесі 2017 жылдың 1
қаңтарынан өзгереді.

Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз