ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ІСІНІҢ КӨШБАСШЫСЫ

46

0

Қазақстан Тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден-ақ
өзінің татулық пен келісім салтанат құратын бейбіт мемлекет құруды ниет етіп отырғандығын
танытқан болатын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан
Назарбаев өз қолымен құрған жас мемлекет тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен
бастап дүниежүзілік ядролық қауіпсіздік ісінің көшбасшысы атануына қажетті
барлық жағдайды жасады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде
Қазақстан Респуб­ликасының Президенті атанысы­мен шын мәнінде президенттік ше­шімдер
шығара бастады. Тіп­ті, Кеңес Одағы әлі ыдырамай тұрған шақта, әрбір әмірі
құдіретті мұнаралы Мәскеуден қаймықпай, 40 жыл бойы халқына қасірет шектіріп
келген жер бетіндегі ең алып сынақ алаңдарының бірі – Семей полигонының
көмейіне құм құйды.

Семей сынақ алаңын жабу ядролық қарусыз
әлем құру жо­лын­дағы қазақ халқының ұлы қадамдарының бастауы болды. Осы тарихи
шешімнен кейін Не­вада, Лобнор, Жаңа жер секілді ірі полигондардың үндері өшті.
Қазақстан Семей сынақ алаңы жабылған сәттен бастап адамзат тарихындағы ең
зұлмат сойыл – ядролық қарумен күрестің көшбасшысы атанды. Семей сынақ алаңы
жабылған 29 тамыз БҰҰ-ның қарарымен
«Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» ретінде жарияланды.

Қазақ жерінен ядролық қару­лар аластатылып, сынақ алаңы
жабылғанымен, адамзатқа төнген ядролық қарудың
қасіреті толас­таған жоқ. Күннен
күнге қарыштап алға басқан
ғылыми-техникалық жаңалықтардың нәтижесінде атал­ған қарудың түрлері
үнемі да­мытылып, оны жеткізу жолдары да жеңілдей түсуде. Атом қаруын космоста
пайдалану, онда үстемдік ету мақ­сатындағы өзара бәсеке де белең алып
отырғандығы анық.

Әлемдегі жекелеген мемле­кет­тер тарапынан
ядролық қа­ру­дан аластауға деген ұсы­ныс­тар мен шақыруларға керісін­ше көзқарас
қалыптасып отыр­ған­­ды­ғы жасырын емес. Мы­салы, ХХІ ғасырдың
басынан Иран, Солтүстік Корея, т.б. мем­ле­кеттер­де
осы қаруға ие болу мақ­сатындағы
атқарылып жатқан ша­ралар белсенділік алып, әлемдік қауымдастыққа алаңдаушылық
ту­­­ды­руда. Ядролық қаруға ұм­тылыс, осы арқылы жаһандық тұрғыдағы талаптарын
орын­датуға әрекет халықаралық лаңкестік, ұлтшылдық, т.б. кез келген мәсе­лені
қарудың күшімен шешуге мүд­делі ұйымдар
тарапынан ек­пін­­ділікпен іске асырылуда.

Ал ядросыз әлемге қол жет­кізу одан әбден
қасірет шеккен Қазақстан халқының арманы еді. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
әлемдік деңгейде іске асыруға батыл кірісіп кетті. Осылайша Қазақстан
мемлекетінің басшысы белсенділігімен көптеген халық­аралық келісімшарттарға
қосы­лып, хаттамаларға қол қой­ылды. Елбасымыз осылайша жаһандық антиядролық
қозғалыстың бел­сенді мүшесіне айналды. Әлемді ядролық қарудан аластаудағы
Қазақстанның баста­машылығы мен ұсыныстары әлемдік дең­гейдегі сая­сат­керлердің
көңілінен шығуда. Әсіресе, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 29 та­мыздағы
«Ядролық сынақтарға тыйым салудан – қарусыз әлемге” атты халықаралық
конференцияда сөйлеген сөзіне жоғары баға берілді. Онда Елба­сымыз ядролық
қауіпсіздіктің жаһандық жүйесін қалыптастыру үдерісінің бәсеңсуіне себеп болып
отырған жайттарды ашып көрсетті.

«Ядросыз әлем – ол адамзат ұмтылуға тиіс
біздің ортақ мақсатымыз. Тек бірлесе қимыл­дағанда ғана біз өз әлемімізді қау­іпсіз
және жақсырақ ете аламыз. Жаһандық
қоғамдастықты оған түбегейлі және түпкілікті тыйым салу жөнінде неғұрлым батыл
іс-қимылдарға итермелеу үшін біз­дің ядролық сынақтардың қай­ғылы зардаптарын
тағы да әлемнің есіне салуға мүмкіндігіміз бар… Осынау әлемдік тәртіптің маңызды
алғышарты ядросыз әлем болатынына менің еш күмәнім жоқ. Мен сіздерді G-GLOBAL
пі­шініндегі интерактивті пікір­сай­ысқа және ядросыз әлем, біз­­дің
болашағымыз бен неме­релеріміздің болашағы жолындағы жұмысқа белсенді қатысуға
шақы­рамын.” Қазақ мемлекетінің бас­шы­сы конференциядағы сөзін осы­лайша қорытындылаған бо­латын.

Осы ретте Жапония Парла­менті өкілдер
палата­сының депу­таты Хироюки Морияманың «Қа­зақстан Республикасының Пре­зиденті
Н.Ә.Назарбаев – яд­ро­лық қарусыз әлемді құрудағы ең беделді көшбасшылардың
бірі. Ол ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басындағы әлемдік тұрғыдағы бейбітшілік
ісіне зор үлес қосушы аса
көрнекті саяси және мемлекет
қайраткер” деген пікірін келтіріп
кеткен артық болмас.

Бұл бейбітшілікті ту еткен Елбасы бастамасына
дәл берілген баға екеніне ешкімнің де дауы бола қоймас.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз