Қылмыскерлер жазасын алды

53

0

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соты өткен сәрсенбіде жұртшылықты шулатқан қылмыстық іске нүкте
қойды. Бұл іс бойынша құқық қорғау органдарында басшы болған бұрынғы тәртіп
сақшысына қарамағындағы қызметкерін өлтірді деген айып тағылған болатын.

Таратып айтар болсақ, төрт адам­ға қатысты 26 том
құраған қыл­мыстық істе Қызылорда қалалық іш­кі істер басқармасы ювенальді по­лиция
бөлімінің бұрынғы басты­ғы Берікбол Шиманов негізгі айып­талушы саналса, Талғат
Әлиев, Уә­ли­хан Сыздықов және Алданбек Орын­басар оның айтқанынан шық­пайтын
сыбайластары болған. Олар­ға адам өлтіру, алаяқтық,  қару­ды заңсыз алып жүру, бөтеннің мүл­кін
қасақана бүлдіру, құжаттар мен мөрлерді ұрлау, қызметтегі әре­кетсіздік, қылмыс
туралы хабар­ла­мау айыптары тағылған.
Естеріңізде болса, кәмелетке тол­мағандар ісі
жөніндегі бөлім инс­пекторы Нұрбек Шөменов би­ыл­ғы қаңтар айының соңында
із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Сол кез­де оның туыстары құқық қорғау ор­гандарына
шағымданып, алдын ала тексеру барысында мерт болған полицейдің бұрынғы бастығы
Берік­бол Шиманов күдікті деп танылды.
Расында да, ол қызметкерін өл­тір­генін мойындап,
марқұмның мәйі­ті көмілген орынды көрсетіп бер­ген. Мұның бәрі басшының
Нұрбектен еліміздің тәуелсіздік ме­рекесінде алған сыйақысынан 40 мың теңге
беруін талап етуден бас­талған. Бірақ бастығының бұл та­лабынан бас тартқан
инспектор ол туралы облыстық ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік
басқармасына шағымданады.
Осыдан кейін қарауындағы қыз­меткеріне кектенген
Шиманов Нұр­бекті оққа байлап, көлігін өртеп жі­береді.
Облыстық қылмыстық істер жө­ніндегі мамандандырылған
ау­дан­аралық сотының судьясы Ас­хат Сабыров елді жаға ұстатқан қыл­мыстық
істің ақырғы нүктесін қой­ды. Аталмыш сот баспасөз қыз­метінің хабарлағанындай,
үстіміз­де­гі жылғы 24 қыркүйектегі сот үкі­мімен Қылмыстық кодекстің бес
бірдей бабы бойынша кінәлі деп танылған Берікбол Шимановтың мүл­кі тәркіленіп,
24 жылға бас бос­тандығынан айырылды. Енді ол жа­засын қатаң режимдегі түзеу ко­лониясында
өтейтін болады. Сон­дай-ақ, екінші айыпталушы Тал­ғат Әлиевтің де жазасын қатаң
ре­жимдегі түзеу колониясында өтеуі­не тура келеді. Ол 18 жылға бас
бостандығынан айырылды. Ал қылмыс туралы хабарламаған сот­та­лушылар Уәлихан
Сыздықов пен Алданбек Орынбасар бір-бір жыл­дан арқалады.
 
Б.СМАЙЫЛҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз