ҚЫЗЫЛ МИЯ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚЫРУАР ПАЙДАСЫ БАР

45

0

Өңірімізде
қызыл мия тамырын өңдейтін кәсіпорын салынып жатқанынан көпшілік хабардар.
Келесі жылы толықтай іске қосылатын зауыттың жобалық қуаты 1 мың қызылмия
шырынын шығаруға және 100 тонна моноаммоний глициризинат өнімін дайындауға
арналған. Зауытта 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Ал оған
маусымдық кезеңде жұмыспен қамтылатын тағы 500-дей адамды қосуға болады. Олар
жаз мезгілінде зауытқа шикізат дайындауға өз үлестерін қосады.

Жобаны жүзеге
асырушы «Бис групп” ЖШС өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету үшін 2 мың
гектардай алқапта қызыл мия өсіруді жос­парлап отыр. Маусымдық кезеңде жұмыс
істейтін жұмысшылар осы алқаптарда шикізат дайындайды.

Индустрияландыру
картасы аясында салынып жатқан зауыт толықтай іске қосылғанда бюджетке жылына
170 млн. теңгедей салық түседі деген болжам бар. Сөз жоқ, аталмыш кәсіпорын тек
Жалағаш ауданының ғана емес, бүкіл облыстың игілігіне айналмақ.

Еске сала
кетелік, 2014 жылы облыстың Индустрияландыру картасы аясында 583 жаңа жұмыс
орнын құрайтын, жалпы құны 4,3 млрд. теңге болатын төрт жоба жүзеге асады деп
жоспарланған. Қазір оның біреуі толықтай аяқталды.

Ы.ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз