Қызылорда облысында 2014 жылғы 14-17 қазан күндері халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойына орай өтетін мерекелік шаралардың бағдарламасы

60

0

14 қазан, сейсенбі

16.00 Батыр баба туралы жаңа кітаптардың
тұсаукесері. Қызылорда қаласы, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана.

15 қазан, сәрсенбі

10.00 Жанқожа батыр ескерткішінің ашылу
рәсімі. Қызылорда қаласы Теміржол вокзалының алаңы.

11.00 «Ұлт азаттығы қозғалысы және Жанқожа
батыр” атты ғылыми-танымдық конференция. Қызылорда қаласы, Студенттер
сарайы.

17.30 №269 мектепке Жанқожа батыр есімін
беруге арналған шара. Қармақшы ауданы, Төретам кенті.

19.30 «Ел қорғаны, Ер Жәкем” атты
аймақтық жас ақындар мүшәйрасы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, аудандық
мәдениет орталығы.

19.30 Драматург Рүстем Жанаевтың
«Жанқожа батыр” спектаклі. Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, аудандық оқушылар
үйі.

16 қазан, бейсенбі

9.00 Жанқожа батыр ескерткіш-кесенесінде
болып, тағзым ету. Қазалы ауданы Әйтеке би кенті.

10.30 «Тағзым” алаңының ашылу салтанаты.Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы.

11.00 «Жанқожа баба” саябағында «Елі
үшін туған ер Жәкем” атты театрландырылған қойылым. Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауы­лы.

12.00 «Жанқожа батыр жас ақындар жүрегінде”
атты об­лыс­тың жас ақындарының айтысы және концерттік бағдарлама. Қазалы
ауданы, Жанқожа батыр ауылы.

13.00 Баба рухына арналған ас. Қазалы
ауданы, Жанқожа батыр ауылы, Әйтеке би кентіндегі орталық алаң мен орталық
көшелерде.

15.30 Жанқожа батырдың өмірі мен
ерлігіне арналған жыраулар фестивалі. Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы
мәдениет үйінде.

12.00 «Түйе палуан” атағы үшін қазақша
күрестен, қол күресі мен гір көтеруден облыстық дәрежедегі сайыс. Қазалы
ауданы, Әйтеке би кентіндегі орталың алаң.

15.00 «Халқына қорған болған батыр баба”
атты республикалық ақындар айтысы. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №249
мектеп-лицей.

21.00 Эстрада жұлдыздарының қатысуымен
мерекелік гала-концерт. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі орталық алаң.

17 қазан, жұма

10.00 «Ауыздықпен алысқан хас батырдың
тұлпары” атты ат бәйгесі. Әйтеке би кенті аумағындағы «Әбдіраман” төбе
баурайы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз