ҚЫЗЫЛОРДА ҚЫТАЙМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТТЫ

86

0

Қызылорда
облысының делегациясы Қытай халық республикасында жұмыс сапарымен болды.
Делегацияны Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев бастап барды. Аймақ басшысы
Нинся автономды ауданының губернаторы Лю Хуэймен кездесіп, сауда-экономикалық
ынтымақтастықты дамытуға байланысты меморандумға қол қойды.

Екі өңірдің байланысы Қазақстан-Қытай
арасындағы достастықты арттыра түспек. Бұл байланыс қос тарап үшін де мол
мүмкіндік береді. Облыс әкімі Қ.Көшербаев Қызылорданың даму келешегі туралы
баяндап, алдағы жос­парларымен бөлісті. Сапар барысында қызылордалық делегация
Нинся автономды ауданындағы ірі кәсіпорындарды аралап көрді. Әсіресе,
металлургия саласында жұмыс жасап жатқан өндірістерге ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, қытайлықтар индустриалды аймақ, мұнай-химия кешені
бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Алдағы уақытта екі өңір
әлеуметтік-экономикалық әріптестік байланыста тығыз жұмыс жасауға ниетті
екендіктерін білдірді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз