Қызылордада азық-түлік бағасы республикалық көрсеткіштен төмен

39

0

Қызылорда облысында
азық-түлік бағалары республиканың орташа көрсеткішімен салыс­тырғанда біршама
арзан. Жалпы 8 айда аймақтың бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша
өсу тенденциясы байқалуда.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл
шаруашылығының жалпы өнімі 4,6 пайызға өседі деп болжанған. Еліміздің өзге
өңірлері арасында біздің облыс бұл көрсеткіш бойынша 2-орында тұр. Үстіміздегі
жылы облыс шаруашылықтары 161,4 мың гектар алқапқа егін екті. Оның ішінде
негізгі дақыл – күріш 81,2 мың гектарға орналастырылды. Өткен жылмен
салыстырғанда күріштің егіс көлемі 7,3 мың гектарға артық. Облыста мал
шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ірі қара, оның ішінде сиыр, жылқы, түйе (қой
мен ешкіден басқа) өсуде. Болжам бойынша тірілей салмақта 19 мың тоннадай ет,
50 мың тоннадан астам сүт (сиыр сүті) өндіріліп, 2013 жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда ет 2,7, сүт 4 пайызға артты.

Сонымен бірге, әлеуметтік маңызды тауар түрлерінің
бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік
корпорациясымен әлеуметтік дүкендер желісін дамыту бағытында да ауқымды
жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде 8 айдың қорытындысы бойынша бірқатар
азық-түлік бағалары орташа республикалық көрсеткіштен төмен деңгейде болып тұр.
Үстіміздегі жылдың 20 тамызындағы мәліметті салыстырғанның өзінде облыста
бірқатар азық-түлік тауарлары төмен деңгейде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз