ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ

46

0

2012 жылдан бері «ҚазМұнайГаз” Бар­лау Өндіру” АҚ
алғаш рет өзіне ен­ші­лес-тәуелдіқұрылымдар – «Қаражан­басмұнай”
АҚ, «ӨзенМұнайГаз” АҚ, «Ем­бі­МұнайГаз” АҚ және «ҚазГерМұнай” БК” ЖШС
қомандалары қатысқан «Үздік ма­ман” атты кәсіптік шеберлік байқауын өткізіп
келеді.

2013 жылы бұл конкурс «ҚазГерМұ­­най” БК” ЖШС-ның 20
жылдық мерейтойы аясында компанияның «Ақшабұлақ” кені­шінде өткізілген еді. Ал
биылғы байқау Атырау облысындағы «ЕмбіМұнайгаз” АҚ ке­нішінде ұйымдастырылды.

 

Оған Атырау, Маңғыстау және Қы­зыл­орда облысындағы
мұнайгаз сала­сындағы компаниялардан елу шақ­ты қа­тысушы келді. Бұл байқауда
«ҚазГер­Мұнай” БК” ЖШС жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды. Кәсіби маман­дар
байқауында сырт алаңда шеберлік көр­­сету спорттағыдан да қиын. Олай бо­латын
себебі, мұнай өндіретін кәсіп­орын­дардың өндіру технологиялары көп жағдайда
кеніштің геологиялық ерек­ше­­ліктеріне және оны пайдалану мер­зім­деріне
байланысты болып келеді. «Ем­біМұнайГаз” АҚ – мұнай өндіру сала­сын­да ғасырдан
аса жұмыс істеп, мол тәжірибе жинаған компания. Соған сәй­кес қондырғылары да
құрылғанына бар болғаны жиырма жыл болған жас ком­пания «ҚазГерМұнай” БК” ЖШС
қолданып жатқан қондырғылардан өзгеше
болады. Әлбетте, нақты бір қондырғы түрінде күнделікті жұмыс істе­мегеннен
кейін, онда жыл бойы жұмыс жүргізетін әріптесіңді басып озу қиын.

 

Ал өздері жұмыс жасайтын қондыр­ғы­ларда бәсекелестер
жоқ екенін қаз­гер­­мұнайлық мамандар былтырғы жылы «Ақ­шабұлақта” өткен «Үздік
маман” байқауында дәлелдеп берген болатын. Еске сала кетейік, ол кезде
байқаудағы то­ғыз бірінші орынның бар­лы­ғын
қызылордалықтар же­ңіп алған еді. Әрине, жергілікті жер­де өткен байқаумен
салыстырғанда Аты­раудағы көрсеткіш төмендеу екені рас. Алайда, қазылар да,
әріптестері де біздің жігіттердің де және барлық қаты­сушылардың да шеберлік
деңгейі жыл өткен сайын өсіп келе жатқанын атап өтті. Бұл байқаудың өз міндетін
табысты орындап келе жатқанын көрсетсе керек.

 

«ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ-ның еншілес
кәсіпорындары арасындағы «Үздік маман” байқауы – кәсіби шеберлік чемпионатының
ең биік шыңы іспеттес. Ал оған дейін өндіріс орындарында іріктеу жарыстары
өткізіледі.

 

Байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашқы­сы жанкүйерлер
үшін онша қызықты емес. Барлық қатысушылар компьютер алдында отырып, тестілерді
толтырады. Бірақ қатысушылар байқаудың теориялық бөліміне барынша дайындалады.
Өйткені, тестілеуге дайындық мамандардың шығармашылық белсенділігін дамытады,
олардың жұмыстағы өнертапқыштық қасиеттерін арттырып, алдыңғы қатарлы жұмыс
тәсілдерін енгізуге итермелейді.

 

Осы жолғы байқауда химиялық са­раптама лаборанты Надежда
Ли, пласттық қысымды реттеуші оператор Мәулен Өндірбаев, электргаздәнекерлеуші
Нико­лай Дичков өздерінің категориялары бой­ынша екінші орынды иеленіп, 100000
теңгеден сыйлық алды. Электрмонтерлар бригадасының мүшелері – Ғалымжан
Маханбетжанов, Қайрат Тойболов, Болат Бордамбаев, тауарлық дайындау цехының
мұнай айдаушы операторы Асхат Байсейітов, мұнай және газ өндіруші опе­ратор
Нұрлан Еламанов, слесарь-жөн­деуші Әбілхан Мұзаппаров және токарь Қайрат
Жарылқасынов 75 мың теңгелік сыйлыққа ие
болды.

 

Байқауға қатысушылар сыйлықтан бөлек, баға жетпес
тәжірибе алып, әріп­тестерімен танысты. Конкурс қоры­тын­дылары тек қана
нәтижелер кестесінде кө­рініс таппайды, сонымен бірге өндіріс ор­нында
өнімділік деңгейінің өсуіне ықпал етеді.

 

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз