ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК ҚАҒИДАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК

166

0

Сейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың
төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі, облыс
әкімі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомоствоаралық
комиссиялардың, облыстық прокуратура алқасының бірлескен отырысы өтті. Оған
аталған комиссия мүшелері, облыстық, аумақтық басқарма, департамент басшылары,
құқық қорғау органдарының басшылары, аудандар мен қала әкімдері, үкіметтік емес
ұйымдар өкілдері қатысты. Басқосуда құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік
қағидатын қалыптастырудың кейбір мәселелері, сыбайлас жемқорлықпен күрес
жағдайы талқыланды.

Өзінің кіріспе сөзінде облыс әкімі құқық
бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың
тым баяу, мардымсыз жүріп жатқанын
сынға алды. Әлеуметтік сауалнамалар нәтижесі адамдар алаңсыз тірлік етуі үшін
бірінші кезекке материалдық құндылықтарды емес, жеке басының амандығын қоятынын
көрсетті. Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасының нығаюына
бөлінген қаржы жылдан жылға артқанмен, құқық бұзушылықтың алдын алудағы шаралар
көңілден шықпайды. Облыстың әрбір 100-ші тұрғынына 1 қылмыстан келгенін айтсақ,
ішкі істер органдарының жұмысына қандай баға берілетіні түсінікті. Біріккен
Ұлттар ұйымы мен ҚР Бас прокуратурасы
Қызылорда облысын «Ең қауіпсіз аймақ» деп танығанына тоқмейілсіп, құқықтық
тәртіп, ұсақ құқық бұзушылықтарды назардан тыс қалдыруға болмайды.

Тоғыз айда тіркелген 7 мыңнан аса қылмыстың тең
жартысы ашылмаған. Ұрлыққа қатысты да осындай жағдай қалыптасқан. Қоғамдық
орындарда 2 мыңнан астам қылмыс орын алғанын ескерсек, патрульдік қызметтің
тиім­ділігі қайда? Жол апаттарынан 186 адам қаза тауып, мыңдаған адам зардап
шеккен. Соңғы айларда қала көшелерінде 5 атыс оқиғасы болған. Егер қолына суық
қару ұста­ғандарды көшеде тайраңдатып қойсақ, тұрғындардың қауіпсіздігіне кім
жауап береді? Учаскелік полицейлер өздеріне бекітілген ау­мақтағы жұмыссыз
жастардың немен айналысатынын білмейді. Олар­мен жұмыс жүргізілмесе, бізге жат
құндылықтарды наси­хат­таушылардың жетегінде кетуі әбден мүмкін. Егер
полицейлер күнделікті қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тиімді әрекет ете ал­маса,
жедел жағдайларда қандай қауқар
танытпақ? Қылмыстан физи­калық және материалдық-моральдық залал ғана келмейді,
ол мемлекетке де зиян шектіреді. Салыстыру үшін айтсақ, мәселен,
кәсіптік-техникалық колледжде бір оқушыны оқытуға орташа есеппен 400 мыңнан
астам қаржы жұмсалса, сотталушыны колонияда ұстауға 1 миллион теңгеге жуық ақша
кетеді.

Биылғы жылдың өзінде ішкі істер департаментінің
жедел бас­қару орталығын жаңғырту мен бейнебақылау камераларын орнату үшін
жарты миллиардқа жуық қаржы бөлінді. Департамент пен қала әкімдігі арасындағы
жұмыстардың үйлеспеуінен, жұмсалған қаржының тиімділігі көрінбейді. Камераларды
құрғаннан не пайда, 216 камераның 7-еуі мүлде істен шыққан, 60-тан астамы
жарықтандырылмаған көшелер мен аулаларда орналасқан. Қылмыс атаулының көбісі
түнде жасалатынын ескерсек, бұл ретте миллиондаған қаржыға құрылған камерадан
қайран жоқ. Күн сайын қалада 350-ден астам полицей патрульдік
қызмет атқарады. Ішкі істер саласындағы реформадан соң, кейбір шағын аудандарға
полицейлер ат ізін салмайтын болды. Олар шақырулар мен дабылдарға ғана барып,
қалған уақытта жолда тұрады.

Жақын
күндері патрульдік қыз­метке тағы да арнаулы 50 автокөлік берілді. Жыл соңына
дейін тағы 50-і алынады. Бірақ патрульдер көлікке отырғасын құқық бұзушылық жиі
орын алатын аулалар мен подъез­дерді бақылаудан шығарып алады деген қауіп бар.
Мұндай орындарға форма киген адамның баруының өзі бұзақылықтың алдын алады.

Полиция
қызметкерлері жаңа жағ­дайда жұмыс істеуі үшін тәжіри­белік сабақтар өткізу
туралы қанша айтылғанмен, жартыжылдықта әкім­шілік құқық бұзушылық хаттама
толтыруды ғана меңгеріпті. Алайда осы хаттамалардың сауатсыз рәсімделгені
салдарынан әкімшілік істер санкция қолданылмастан соттан қайтарылған. Бұл
айыппұл өндіру, қылмысқа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жұмысына кері әсерін
тигізіп отыр.

Ел
қорғанына балаған поли­цей­лердің өздерінің қылмысқа жол беруіне не деуге
болады? Қы­зыл­орда тарихында полицейдің адам өлтіруі, жемқорлыққа жол бер­­генін
әшкерелеген қызметкерін атуы бұрын-соңды кездеспеген еді. Биыл орын алған
сұмдық жағ­­дай елдің үрейін ұшыр­ды.
Аза­маттардың консти­туциялық құқын бұзу, ішкі істер органдары ғи­мараттарына
заңсыз апарып, қамап ұстаудың бірнеше фактісі тіркелген. Полицейлердің мас
күйінде көлік жүргізуі, азаматтарды ұрып-соғуы тыйылмай отыр. Өркениетті
елдерде полиция қызметкерін көрген адам өзін қорғалған сезінеді, ал біздің кейбір тұрғындар погон таққандарды көргенде
қорқыныш сезімін бастан кешіреді. Өйткені олар адамдармен қарым-қатынас
мәдениетін игермеген, тек жазалау арқылы әрекет етеді. Полиция қызметін
бағалаудың бір критерийі халық сенімі болса, оған ие болу үшін жұмыс істеу
керек.

ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК ҚАҒИДАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕКТәртіпсіздік
пен ұсақ құқық бұзушы­лықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптас­ты­ру қоғамдық
институттар мен азаматтардың көмегінсіз мүмкін емес. Алайда облыс, аудан
орталықтарында көшелерде, қоғамдық орындарда тәртіпсіздікті хабарлап, суретке
түсіріп жүрген қоғамдық пат­рульдарды көрмейміз. Жұмыс дұрыс ұйым­дастырылса,
мұндай ақпаратты велосипедпен жүрген, қолында ұялы телефоны бар кез келген адам
бере алады. Осындай әлеуметтік патрульдерді пилоттық жоба ретінде облыс
орталығына енгізген жөн. Әкімдер осы ретте өз көмектерін көрсетуі тиіс. Қанға
сіңген әдетіміз көз көріп тұрған бұзақылықты хабарлауды сөз тасу, жеткізу деп
қабылдайды. Бұл ұсақ бұзақылықтардың тамырына балта шабуға кедергісін
келтіреді.

Сыбайлас
жемқорлыққа жол бермеу­де жариялылықтың маңызы зор. Пә­тер, ба­лабақша, жер
учаскесін алу кезе­гін бас­па­сөзде, сайттарда жариялау аза­­­мат­­тардың се­німдеріне
селкеу түсуіне жол бермейді. Жем­қорлық қылмыстың басым бөлігі мем­лекеттік
сатып алу саласында жа­са­ла­тындықтан біздің облыста респуб­ли­ка­­да бірінші
болып арнайы басқарма құ­­рылды. Аталған мекеме денсаулық сақтау бас­қар­масындағыдай
миллиондаған сомаға біздің өңірге тіпті қажеті жоқ, мерзімі өтіп кеткен
дәрі-дәрмек алу сияқты фактілерді
болдырмайды деп сенеміз. Жемқорлыққа жол берген бұрынғы облыстық табиғи
монополияларды реттеу инспекциясының басшы­сы, облыстық ішкі істер департаменті
тергеу басқармасы бастығының орынбасары, Шиелі ауданы тұтынушылар құқын қорғау
басқармасының басшысы, облыс бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бас­­қар­ма
бастығы, Арал қаласы сотының су­дья­сы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары,
қалалық ішкі істер басқармасы «Ақ­сай» бөлімшесінің бастығына соттың үкімі
шықты. 2013-2014 жылдары мемлекеттік қыз­мет қатарынан жемқорлық жасаған 60
қызметкер босатылған.

Бізде,
мысалға айтсақ, аудан­дық ішкі істер бөліміне жаңа басшы тағайындала салысымен
қылмыстың күрт өсі­­мі тіркеледі, ол жаңа қызметке кеткенге дейін көрсеткіш
біртіндеп төмендейді. Бел­сенділігін көрсетіп қалу үшін қыл­мыс­тық
көрсеткіштердің нақты сипаты бұр­маланбауы, әсіреленбеуі тиіс.

Бірлескен
отырыста өңірдегі құқық бұзу­шылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қа­лыптастырудың
кейбір мәселелері туралы облыс прокурорының орынбасары Р.Рай­ханов баяндама
жасады. «Мүлдем төз­беушілік» қағидатын
қалыптастыруда іш­кі істер органдары қызметіне үлкен жауап­кершілік жүктелген.
Жүргізілген сараптама халықпен тығыз байланыс жасайтын жол-патрульдік полициясы
мен учаскелік инс­пекторлардың жұмысындағы бірнеше кем­шіліктерді
анықтады. Өткен жылы эки­паж­дардың
өздеріне бекітілген аумақтан негіз­сіз ауытқуының – 9, биыл 21 фактісі тір­ке­ліп
отыр. Полиция қызметкерлері 3 жол апатына, 74 әкімшілік құқық бұзушылыққа кінәлі
болған. Аймақ тұрғындарының басым бө­лі­гі өздерінің учаскелік полицейін
танымай­ды. Инспекторлардың өз міндетін толық орын­дамауы заңсыз миграцияның
өсіміне әкеп соғуда. Құқық бұзушылыққа жол бер­меуі тиіс кейбір полиция
қызметкерлері заң­нан аттағандармен бірігіп кетеді. Проку­рор­дың орынбасары
«мүлдем төзбеу­ші­лік» қағидатын қалыптастырудың аймақ­тық жос­парына
өзгерістер енгізуді ұсынды.

Статистикаға
сүйенсек, сыбайлас жем­қорлық сипатындағы істер 21,2 пайызға кө­бейген.
Қылмыстық жауапкершілікке тартыл­ғандардың арасында ішкі істер органдарының,
қылмыстық атқару жүйесінің, білім саласының қызметкерлері бар.

Жең
ұшынан жалғасушылықпен күрес­тің жағдайына тоқталған облыстық эконо­ми­калық
қылмысқа және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес департаменті бастығының
орынбасары І.Рахманов 9 айда тіркелген 86 істің кейбірінің егжей-тегжейін
баяндады. Қыз­мет бабын асыра пайдалану, сеніп тап­­сы­­рылған мүлікті заңсыз
иелену немесе та­лан-таражға салу, пара алу мен беру сияқ­ты қыл­мыс жасап
тұтылғандарға тиісті жаза қолданылды.

Жергілікті
атқарушы органдардағы құқықтық тәртіптің кейбір мәселелеріне талдау жасаған
облыс әкімі аппаратының басшысы Қ.Жайсаңбаев осы жылдың 9 айында түрлі атқарушы
органдардың 401 қызметкеріне, яғни әрбір 5-ші қызметкерге тәртіптік жаза
қолданылғанын айтты. Тәртіптік жазаға тартылушылардың саны жағынан аудандар мен
қала әкімдіктері бойынша Қызылорда қаласы әкімдігінің, басқармалар бойынша
денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері алдыңғы қатарда тұр. Шара
көрілгендердің тең жартысы басшы лауазымындағылар.

Әдетте
құқық бұзушылықтардың негізін бюджет заңнамаларын сақтамау, сыбайлас
жемқорлыққа жол беру құрайды деп ойлаймыз. Алайда, талдау көрсеткендей,
тәртіптік жазаға тартылғандардың басым бөлігі ішкі еңбек тәртібін сақтамағандар,
орындаушылық тәртіпті бұзғандар. Аппарат басшысы мемле­кеттік қызметкерлердің
жұмысындағы орын алған кемшіліктердің себеп-салдарына тоқ­тал­ды. Жұртшылықтың
әкімдікте қызмет істейтіндерді қымбат жиһаздармен жабдық­тал­ған кабинеттердегі
былғары креслода отырғандар деп қабылдайтыны бар. Қара­пайым орта
статистикалық мемлекеттік қыз­меткердің
портретін жасаған баяндамашы «Ол 35 пен 40 жас аралығындағы, отбасында бірнеше
бала тәрбиелеп отырған, жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынайтын, орта есеппен
60-80 мың теңге жалақы алатын, тәуліктің 10-13 сағатын, мереке, демалыс
күндерін жұмыста өткізетін адам» деп көрсетті. Жергілікті атқару органдарының
жұмыс сапасын жақсартудың, тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын атап өтті.

Бірлескен
отырыс қорытындысында ай­мақ басшысы Қырымбек Көшербаев, облыс про­куроры
Сапарбек Нұрпейісов басқосуда тал­қыға түскен мәселелерді шешудің, заң­­бұ­зушылыққа
мүлде төзбеушілікті қа­лып­­­тастырудың жолдары туралы ойларын біл­­дір­ді.
Тиісті тұлғаларға тапсырмалар жүк­теді.

 

Гүлжазира
ЖАЛҒАСОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз