Зағип жандарға арналды

110

0

Қазалы аудандық мәдениет орталығында облыстық зағип жандарға арналған
кітапхана кітапханашысы П.Қошқарова мен аудандық кітапхана кітапханашысы
Б.Күзембаеваның бірлесіп ұйымдастыруымен «Жүрегім өлеңмен тербеледі» атты кеш
ұйымдастырылды.

Шараны аудандағы зағиптар қоғамының төрағасы Қ.Омар ашып, ұйымдастырушыларға өз лебізін білдірді. Кітапханашы Б.Күзембаева Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халық­қа арнаған Жолдауын оқырмандарға кеңінен насихаттау жайлы ой айтса, П.Қошқарова мүмкіндігі шек­теу­лі жандардың ақпараттық-техно­логиялық сауаттылы­ғын көтеру, оларға «Электронды әкімдік» бағдарламасын қолдануды үйретудің жолдарына тоқтала келіп, өзінің жүрекжарды жырларын тебірене оқыды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы дайындалған сый-сияпаттарын табыстап, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді және оған зағип жандардың атынан С.Шайыхов өзінің алғысын жеткізді.

Кештің соңы аудандық мәдениет орталығы дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, әнші Г.Досан, М.Әділ, Ж.Құтмахановтар ән мен жырдан шашу шашты.

Бекзат Әжімұрат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз