ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ПОШТА БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

90

0

ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ПОШТА БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Кеше Қызылорда қаласында №14 модер­низацияланған пошта байланыс бөлімшесі ашылды. Заманауи талапқа сай жабдықталған пошта
бөлімшесін қала әкімі Н.Нәлібаев,
облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Шаухаманов бастаған топ өкілдері салтанатты түрде ашып, кілтін табыстады.

– Пошта жұмысы
қашанда халықтың сұранысына ие болып келеді. Ие де бола береді. Тұтынушылардың
талаптарын ескере отырып және оларға сапалы қызмет көрсету мақсатында пошта
байланыс бөлімшесін жаңғыртып ғана қоймай, күрделі жөндеуден өткізіп,
технологиялық құрамдарын жаңартып, іске қосылып жатыр. Алдағы уақытта сіздерге
үздіксіз қызмет ететін болады, – деді қала әкімі.

Облыстық
ардагерлер ұйымының төрағасы С.Шаухаманов поштаның уақыт ағымына сай етіп
ашылғаны, әсіресе зейнеткерлер үшін тиімді екенін жеткізді.

Одан әрі
қонақтар пошта бөлімшесін аралап, жұмыс барысымен танысып шықты. Соңғы үлгідегі
пошта бөлімшесінің қызметі электрондық түрде жүзеге асады. Бұрынғыдай кезекте
тұрып, әуреге түспейсіз. Талон арқылы кез келген жұмысыңды бітіре аласың.
Тиісті сұрақтарға да толық жауап қайтарылады. Мамандар да жеткілікті.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар мен бесік арбамен жүретін жас аналарға
арналған пандустар жасалған. «Қазпочта” АҚ облыстық филиалының директоры
Ә.Әбдімомыновтың айтуынша, байланыс бөлімшесі
тұтынушыларға 24 сағат қызмет көрсете алады. Сонымен қатар мұнда
байланыс, қаржы және операторлар
бөлімдері жұмыс жасайды. Енді тұтынушылар үйде отырып, арнайы смс,
интернет арқылы хат-хабар жайында біле алады.
Сонымен қатар шара барысында алғаш тұтынушыларға сыйлықтар табыс
етілді.

«Қазпочта” АҚ
Ақтөбе, Орал, Ақтау, Талдықорған, Қызылорда және Тараз қалаларында жаңартылған
пошта бөлімшелерін ашып отыр.

Тағы бір айта
кетерлігі, пошта байланыс бөлімшелері бірыңғай электронды кезек жүйесімен,
бейнеқадағалау және өрт қауіпсіздігімен де қамтамасыз етілген. Ал, қаржы
қызметі бойынша банкоматтар, төлем терминалдары және пошта қызметтері бойынша
абоненттік жәшіктер қойылған. Заманауи үлгідегі пошта байланыс бөлімшесінде
барлық жағдай жасалған. Енді қала тұрғындары кез келген қызмет түрін пайдалана
алатын болады.

 

Сара
ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз