ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР КӨРМЕСІ

46

0

2014
жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №254 қаулысымен
бекітілген «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету
және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарының» екінші кезеңінің (2014-2015 жылдар) 27-тармағын орындау
аясында 2014 жылы «Қазақстанда іске
асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» облыстық көрмесін өткізуді ұйымдастыру
бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Облыстық
деңгейдегі үздік әлеуметтік жобаларды алдын ала қарау бойынша іс-шараларға
қатысу үшін өтінімдер маусым-шілде айлары арасында, қала және аудан
әкімдіктерімен қабылданады.

«Қазақстанда
іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» облыстық көрмесін қыркүйек айында
өткізу жоспарланды.

Аталған іс-шараға халықты әлеуметтік қорғау
жүйесі шеңберінде қаржыландыру көздеріне қарамастан қызметтерін атқарып жүрген
қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, мекемелер, ведомстволар, жеке
тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Осыған орай, «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» бойынша іріктеу турын өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, «Нұр Отан» партиясы, үкіметтік емес ұйым басшыларынан тұратын облыстық комиссия құрылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз