ҮЗДІК САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУШЫЛАР

37

0

Үстіміздегі жылдың 25-27 ақпаны аралығында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен аймақтың жалпы білім беру мектептерінің сынып жетекшілері мен арнаулы орта оқу орындарының топ тәлімгерлері арасында «Үздік салауатты өмір салтын насихаттаушы – 2014» атты облыстық байқауы өтті. 
Шараның мақсаты өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын тәрбиелеудегі үздіксіз және жүйелілікті қамтамасыз етуде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады. 
Байқау үш кезең бойынша өтті. Алғашқысында салауатты өмір салтын насихаттауда ұстаздардың әдіс-тәсілдері мен іс-тәжірибелері, әдістемелік мүмкіндіктері жайлы жазылған таңдаулы мақалалары жинақ кітапша болып шығарылса, екінші кезеңде, білім жүйесінде өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау қағидалары бойынша білім деңгейлерін анықтау тест сынағы жүргізілді. Соңғысында « Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын тәрбиелеудегі үздіксіз және жүйелілікті қамтамасыз етудің әдістемелік мүмкіндігі» бағыты бойынша партфолиосы жинақталды. 
Байқау қорытындысында білім беру мектептерінің сынып жетекшілері арасында бірінші орынды №1 мектеп-лицейінің мұғалімі Мөлдір Өмірәлиева жеңіп алса, екінші орын №187 мектеп мұғалімі Зинайда Әлімбетоваға берілді. Ал үшінші орынға Жалағаш ауданының №202 мектеп мұғалімі Алтынай Нұрланқызы лайық деп танылды. Сонымен қатар, арнаулы оқу орындарының топ тәлімгерлері арасынан да жеңімпаздар анықталып, олардың барлығы арнайы грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Барлыбек БАТЫР.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз