ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

34

0

ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫСәрсенбі күні жаңа 20 автобус тұрғындарға қызмет көрсету үшін алғашқы рейске шықты. «Тағзым” алаңынан бастау алған автобусқа ең алдымен аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бастап мінді. Үлкен сыйымдылықтағы, әрі мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болып келген жолаушылар көлігінің мереке қарсаңында берілуі қала тұрғындарына ерекше қуаныш сыйлауда. 

«Бүгін Қызылорда қаласы үшін қуанышты сәт болып тұр. Былтыр үлкен сыйымдылықтағы автобустар алу үшін ұсыныс жасаған болатынбыз. Енді міне, облыс әкімінің қолдауымен 500 млн. теңге қаржы бөлініп, 20 жолаушылар көлігі келуде. Онда барлық жағдай, мәселен, бейнебақылау, жарнамаға арналған жүгіртпе жолдар қарастырылған. Алдағы уақытта қосымша 100 осындай автобус әкелу жоспарда бар. Жұмыс «Байқоңыр» ӘКК ҰК-мен бірлескен түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, қазіргі уақытта қаланың аумағынан 5 га жер бөліп, автобустарға ыңғайлы, қыс айларында да тиімді, қасында автовокзалы бар  үлкен база салу көзделуде. Оған 200 автобусқа дейін сиятын болады. Сондықтан осы бағытта жұмыстар жасалуда», – деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫАйта кету керек, қоғамдық көліктің бір ерекшелігі экологиялық жағынан таза. Яғни, газбен жүру жағы қарастырылған. Бұл үшін қаланың орталығынан арнайы газ құю бекеті жұмыс жасауда. Сонымен қатар, автокөліктің тізгіншілері мен кассирлерге қойылатын талап та қатал. Жүргізушілердің еңбек өтілдері 30 жылдан кем болмауы тиіс. Ал, кассирлер жолаушы сырқаттанып қалған жағдайда алғашқы көмекті беретін болады.  Ең басты ерекшелік арнайы мамандардан дәріс алған жүргізушілер мен кассир қыздар тек қана қазақ тілінде жолаушыларға қызмет көрсететін болады. 

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз