ЖАҢА БАҒДАРЛАМА – ЖАРҚЫН БАСТАМА

39

0

Жуырда «Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында партияның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын талқылауға байланысты саяси кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті. Оған кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдары, мемлекеттік сала қызметкерлері,белсенді жас­тар ұйымының жетекшілерімен БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны «Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жандос Базартай ашып, жаңа бағдарлама аясында баяндама жасады.

Жемқорлық – қоғам дерті. Бүкіл әлемнің бас ауруына айналған күрделі мәселе. Осы кеселдің алдын алу үшін Елбасы Н.Назарбаев партияның XV съезінде берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес 2015-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламаны әзір­леуде арнайы топ құрған болатын. Міне, бүгінде сол бағдарламаны еліміздің барлық аймағында белсенді талқыланып, атқарылатын істерді, шараларды жүйелеуде.

Бағдарлама негізінде қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кешенді және жүйелі сипат алып отыр. Сонымен қатар алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықты туғызатын себеп пен жағдайды жоюға басты назар аударылатын болады.

Шара барысында қалалық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесі төрағасының орынбасары С.Әбішев, саяси кеңес мүшесі Г.Дәрібаева және өзге де қатысушылар өз ойларын ортаға салып, жемқорлықтың қоғам үшін келтіріп отырған залалы жөнінде кеңінен ой қозғап, алдын алу шаралары жөнінде айтты. Сондай- ақ,бағдарлама жеке меншікке қол сұқпау, адал бәсеке қағидаттарын тиімді іске асыруға және орта тапты қалыптастырудың негізі болып табылатын бұқараның кәсіпкерлік бастамасын қолдауға баса мән берген.

Сонымен қатар алдағы уақытта бағдарламаның жүйелі іске асуы үшін аудандық партия филиалдары мен бастауыш ұйымдары да ұтымды әрекет ететін болады.

Саяси кеңес отырысы соңында «Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын талқылау бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, қаулы қабылданды.

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз