ЖАҢА ҒИМАРАТ, ЖАРҚЫН ҚЫЗМЕТ

77

0

ЖАҢА ҒИМАРАТ, ЖАРҚЫН ҚЫЗМЕТШиелі ауданындағы Бидайкөл елді мекенінде жаңа типтік ауылдық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Үш жарым мыңға жуық тұрғыны бар Бидайкөл елді мекені үшін жаңа нысанның маңызы зор.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті өңірлерде көптеп денсаулық мекемелері бой түзеуде. Жаңа нысанның құрылысына биылғы жылы облыстық бюджеттен 79 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары мамыр айында басталды. Әсем ғимаратты мердігер – «Болашақ» ЖШС атқарды. Қазіргі таңда дәрігерлік амбулаторияда 2 жоғары санатты дәрігер, 11 медбике жұмыс жасауда. Бір ауысымда 50 науқас қабылдайтын еңселі ғимаратта бірнеше емдеу кабинеттері бар.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз