Жаңа оқу жылы жаңарған мектепте басталады

53

0

Жуырда
облыстық білім басқармасы БАҚ өкілдерімен бірге қала, аудан мектептерінің жаңа
оқу жылына дайындығын бағамдап қайтты.

Биыл
өңірімізде алғаш рет облыс бойынша 58 білім беру нысанына күрделі жөндеу
жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 46 мектеп, 9 балабақша, 2 лагерь, 1
оқушылар сарайы бар.

 

Білім ошақтарындағы жөндеу жұмыстарының
мерзімінде аяқталуы облыс әкімінің тұрақты бақылауына алынған. Осыған орай,
жөндеу жұмыстарын саралау мақсатында БАҚ өкілдері қаладағы №136,198,140 мектеп
пен «Шұғыла” мөлтек ауданында орналасқан №31 «Алтын кілт” балабақшасына барды.

 

Қоғам қайраткері Т.Жүргенов атындағы
№136 мектеп-лицейдің қабырғасы 1988 жылы қалан­ған. Қаламыздағы байырғы мектептердің
бірі. Ғи­ма­раттың күрделі жөндеу жұмыстарына ел тай­қазанынан 109 млн. 993 мың
теңге бөлініп, ішкі-сыртқы жұмыстарымен қатар, кәріз тораптары, су жүйелері
қалпына келтірілген. Жаңаша келбетке ие болған оқу ордасы биыл өтетін
Т.Жүргеновтің 115 жылдығына сақадай сай. Жөндеу жұмыстарын атқарған
«Универстрой” ЖШС өз демеушілігімен мектеп алдына брусчатка да төсеп беріпті.

 

Қалалық білім бөлімі басшысы
М.Аралбаевтың айтуынша, биыл қалаға қарасты 12 білім беру нысаны жаңаша
келбетке ие болады. Аймақ басшысының қолдауымен қомақты қаржы бөлініп,
атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына ата-аналар қауымы да разылықтарын
білдіріп жатыр. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары 25 қыркүйекке дейін
барлық нысандарда аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, жыл аяғына дейін бастауыш
мектеп оқушыларына 3300 «Эрисман” парталары алынады. Бұл дегеніміз, 7 мыңнан
астам бастауыш сынып бүлдіршіндерінің партасы жаңарады деген сөз – дейді, білім
басшысы.

 

Көне мектептер қатарына жататын №198,140
орта мектеп ғимараттары мен «Алтын кілт” балабақшасы да биылғы жаңа оқу жылында
қайта түрленген әсем ғимараттардың бірі болып оқушыларына есігін айқара ашады.

 

Бұдан соң БАҚ өкілдері, Жалағаш
ауданындағы №201 мектеп-лицейдің жұмысыман танысты. Қайта түрленген лицейге
облыстық бюджеттен бастауыш сынып оқушыларының партасына қаражат бөлініп, ол
100 пайызға жаңартылған. Сонымен қатар, балалар қауіпсіздігі үшін аудандық
бюджеттен бөлінген қаржыға 3 мектепке бейнебақылау қойылған.

 

Жалағаш ауданына қарасты Ақсу ауылдық
округіндегі №116 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен «Айдана”
серіктестігі айналысып жатыр. Есік-терезелері ауыстырылып, қабырғалар сыланып,
едендеріне бетон құйылып, линолеум төселген. 25 тамызда толық пайдалануға
беретін мектепте, асханасы кеңейтіліп кәріз жүйелері жаңартылған.

 

Сырдария ауданы Жетікөл ауылындағы №174
мектеп ғимаратын «Интегрострой” мекемесі күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінен
бұрын аяқтады. 1978 жылы салынған
мектептің жылу жүйесі мен едендері толық ауыстырылып, қабырғалары әрленіп,
мектеп ауласы абаттандырылған. Серіктестік өз демеушілігімен мектеп алдын
қоршаулармен қоршап, ақжемделген мектеп баспалдақтарын кафельдеп, ауласына
фасад, брусчаткалар төсеген. Осындай қайырымды, игілікті істерге жұмылар
кәсіпкерлеріміз көп болса, көне нысандардың көбісі жаңарып қалар еді.

 

Енді, жаңа оқу жылында оқушылар қайта
түрленген әдемі де әрі әсем, жылы ғимаратта алаңсыз білім алуына толық
мүмкіндіктері бар.

 

Нұрбек Сағатұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз