ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ МОЛ БОЛМАҚ

46

0

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төраға­лығымен облыс әкімдігінің
мәжілісі өтті. Аймақ басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы берген
тапсырмаларды орындау үшін өңірлік бағдарламаларды қайта қарап, ұсыныстар
енгізудің уақыты келгенін айтты. Сондай-ақ, облыстық дін істері басқармасының
жаңа басшысы Нұрхан Жәлиевті таныстырды.

Күн тәртібіндегі
негізгі мәсе­лелер бойынша жаңа оқу жылына әзірлік туралы хабарламаны об­лыс­тық
білім басқармасының бас­­шысы Н.Байқадамов жасады. Жаңа оқу жылында көптеген
білім беру мекемелері шәкірттерін жаңа, күрделі жөндеуден өткен ғимараттарда қарсы алмақ. Биыл күрделі
жөндеуден 58 білім беру нысаны өткізілуде. Ғимараттардың коммуникация жүйесі,
есік-тере­зелері, түгел ауыстырылып жатыр. Аймақта мұндай ауқымдағы жұмыс көп
жылдардан бері биыл қолға алынған. Құрылыс нысан­дарындағы жұмыс қарқынын, сапа­сын
бақылаған облыс әкім­дігінің инспекторлары бірқатар кемшіліктердің бетін ашқан.
Хабар­ламашы уақыттың таяп қал­ға­нына қарамастан, кейбір ны­сандарда жұмыс
сылбыр жүріп жатқанын айтты. Сапаға
қатысты да олқылықтар бар. Мердігерлерге
25 тамызға дейін жұмысты тапсыру
талабы қойылып отыр.

Биыл 26 білім
беру мекемесінің құрылысы аяқталады. «Мектепке жол” акциясы аясында тұрмысы
төмен және көпбалалы отбасының балаларына қамқорлық көрсетілмек. Жылу беру
маусымына әзірлік өз деңгейінде жүріп жатыр. Отын қо­рын жасауға бөлінген қаржы
иге­ріліп, кестеге сай жұмыс ат­қары­луда. Алдағы қыркүйектен бастап екінші
сыныптан ағылшын тілі, алтыншы сыныптан инфор­матика оқы­тыла бастайды. Хабар­ламашы
оқу­­лық, оқушыларды мектепке та­сы­­­малдау мәселелеріне де тоқ­талды.

Білім
басқармасының басшысы мемлекеттік грант иегерлерінің былтырғы жылмен
салыстырғанда көбейгенін, 1-2 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету
мәселесінің шешім тапқанын атап өтті.

Облыс басшысы
құрылысы жү­ріп жатқан және күрделі жөн­деуден өтіп жатқан нысандардың дер
уақытында әрі сапалы салы­нуына қадағалауды күшейтуді тапсырды.

Облыстық,
аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын дамыту аймақ экономикасының өркендеуіне оң
әсер ететіні анық. Облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары
басқармасының басшысы М.Бәйімбетовтің айтуынша, облыс­тық және аудандық маңызы
бар жолдарды ағымдағы, күрделі жөн­деудің сметалық құжаттарын әзір­леуге 10
млрд. теңгеден астам қар­жы бөлінген. Осы тұста облыс басшысы кейбір аудандағы
жолдарды облыстық категорияға өткізу­дің баяу жүргізілуін сынға алды.
Құжаттарды рәсімдеу одан әрі созылатын болса, жауапты тұлғалардың өз қызметіне сәйкестігі күн тәртібіне
шығарылмақ. Жол­дардың сапасы, 5 жылға дейін жа­рам­дылығы қатаң бақыланатын
болады. Сондықтан жолдарды сал­ғанда және күрделі жөндегенде барлық
нормативтердің сақталуына баса назар аударған жөн.

Елімізде соңғы
жылдары жүзеге асқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдар­ламасы
табысты жүзеге асып келе­ді. Бағдарламаның аймақтағы ат­қарылуы жайлы хабарлама
жаса­­ған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы
басшысының міндетін атқарушы А.Шәменов облыстағы 1096 көпқабатты үйдің 800-і
күрделі жөндеуді қажет ететінін айтты. Биыл 81 үйді жөндеу жос­пар­ланған.
Хабарламашы жөн­де­ліп жатқан үйлердің кейбірінде жұмыс күші аздығын, өжіре суы
тартылмағанын, құрылыс қоқыс­тарының тазартылмағанын атап өтті. Көпқабатты
үйлердің басым бөлігі Қызылорда қаласында екені белгілі. Соған қарамастан, жос­парланған
72 үйдің 62-сінде ғана жұмыс жүргізілуде. Алдағы жылға 37 үйді жөндеуге
бюджеттік өтінім тапсырылған. Алайда, кей­бір аудан­дар республикалық бюджет­тен
бөлінген қаржы арқылы тозығы жеткен көпқабатты үйлерді абат­тан­дыруға асығар
емес. Бұлай деуі­мізге олардың бюджеттік өтінім тапсырудағы жайбасарлығы негіз
болып отыр.

Тұрғын үйлерді
күрделі жөн­деуге жұмсалған қаржының қай­тарымы 28,3 пайызды құрап отыр. Бұған
жөндеудің толық аяқталмауы, соның салдарынан пәтер иелерінің қаржыны қайтаруға
құлықсыздығы, жергілікті әкімдіктердің мәселені сот арқылы шешуге асықпауы
кесірін тигізуде.

Мәжілісте ветеринария саласы­ның атқарылған жұмыстары да тал­қыға
түсті. ҚР АШМ Ве­тери­нарлық бақы­лау және қадағалау ко­ми­теті об­лыс­тық аумақтық
инс­пек­циясы басшысының міндетін атқарушы Е.Нұрымбетов облыс ау­мағында мал
сою алаңдарының ахуалы, мал қорымдары, өңірдегі эпи­зоотиялық жағдай туралы
баян­­дады. Сондай-ақ, Қызылорда облысындағы буферлік аймақты қысқарту
бағытындағы жұ­мыс­тарға тоқталды. Аусыл інде­­тіне байланысты буферлік ай­мақ­қа
жатқызылғандықтан біз­дің өңір­дің мал өнімдері сыртқа шық­пайды. Бірақ соңғы
жылдары аусылға қарсы вакцина салынып, індеттің алдын алу қарқынды жүр­­гізілуде.
Бүгінде облыстың бірқатар аудандарында заманауи жабдықтармен жабдықталған
модуль­­­дік зертханалар құрылысы жүріп жатыр.

Мәжілісте қаралған мәселелер бойынша тиісті мамандарға
тапсырмалар жүктеліп, шешімдер қабылданды.

Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз