ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ

42

0

Сейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен
әкімдік мәжілісінде Нұртаев Рзақұл Сәденұлының облыстық тұтынушылар құқығын
қорғау департаментінің басшысы қызметіне тағайындалғанын хабарлады. Мәжіліске қатысып отырған ҚР Тұ­ты­ну­шылар
құқығын қорғау агенттігі департаменті төрағасының орынбасары, еліміздің бас
санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа
құрылым қызметінің маңызы жайлы айтып өтті.

Ол бұған дейін елімізде сапа мәселесіне өз деңгейінде жеткілікті көңіл
бөлінбей келгеніне назар аударды. Нарық бар жерде сапаның өзі дұрысталады деген
ұғым болып келді. Алайда, одан сапаның жақсарып кеткені байқалмады. Соған
байланысты бұған дейін денсаулық сақтау саласына қарап келген
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі жаңадан құрылған агенттік
құрамына енгізілді. Сонымен бірге агенттікке екі жаңа міндет – тұтынушылар
құқығын қорғау және техникалық регламентті реттеу жүктеліп отыр. Агенттік өкілі департамент басшысының міндетін
атқарып келген Мэлс Жұбатқановтың департамент басшысының орынбасары болып
тағайындалғанын және облыстың бас санитар дәрігері болып қала беретінін
жеткізіп, Р.Нұртаев пен М.Жұбатқановқа табыс тіледі.

Өз кезегінде Қырымбек Елеуұлы
тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бір жағынан сапа мәселесіне мән
берсе, екінші жағынан бизнеске қолдау білдіріп, оның бәсекеге қабілетті болуына
да ықпал етуі керектігін атап өтті. Ол Рзақұл Сәденұлының бүгінгі күнге
дейін лауазымды қызметтерін абыроймен
атқарып, мол тәжірибеге ие болғанын айтып, оған жаңа қызметінде абырой мен
табыс тіледі.

 

Ыдырыс Тұрлығұлов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз