ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

50

0

Қызылорда медициналық колледжінде «Қазақстанның Қызыл Ай қоғамының потенциалын нығайту және азаматтық қоғам құрудағы Қызылорда облысының жергілікті даму процесіне үлес қосу” жөніндегі Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамдары Федерациясы мен ҚР Қызыл Ай қоғамының Еуродақпен біріккен жаңа жобасының тұсауы кесілді. Жоба Еуроодақтың қаржыландыруымен жүзеге асырылатын болады.

Шараны Қызыл Ай қоғамының Қызылорда облыстық филиалының директоры Бибіжан Жәукебаева ашып, жүргізіп отырды. Салтанатты рәсімге Еуроодақтың Қазақстандағы өкілі, жоба менеджері Люка Карапелли, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамының Қазақстан және Қырғызстан бойынша өкілі Байлар Талыбов, жоба үйлестірушісі Серік Қожабеков, өзге де бірқатар қонақтар мен еріктілер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Басқосуды ашқан облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова жобаның маңыздылығына тоқталып, Еуроодақ өкіліне біздің аймаққа көңіл бөлгеніне алғысын білдіріп, жобаға сәттілік тіледі және облыс басшылығының тарапынан жобаның ойдағыдай жүзеге асуына қолдау болатынын жеткізді.

Жоба үйлестірушісінің мәлімдеуінше, аталған жаңа жобаның іске асырылу мерзімі үш, яғни, 2014-2016 жылға жоспарлануда. Басты мақсат азаматтық қоғамдық институттары мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасты нығайту және азаматтық қоғамдық институттардың стратегиялық дамуын жүзеге асыруға қатынасуын кеңейту болып табылады. Бұл орайда, жобаға қатысушы азаматтық қоғам мен азаматтардың рөлін көтеру, олардың саясат пен стратегиялық дамуды жүзеге асыру кезеңіне мониторинг жүргізуге, бағалауға қатысуын қалыптастыру көзделуде. Әсіресе, тұрғындарды жұмылдыруда олардың ішінде әлсіз топтарды көбірек тартуға баса назар аударылмақ. Жобаға 6 мыңнан
астам адам тартылады деп жоспарлануда. Олардың ішінде жергілікті атқарушы
орган, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлік сектор өкілдері және Қызылорда қаласы мен
Жаңақорған, Шиелі аудандарының әлсіз топтағы тұрғындары болады. Яғни, жоба
негізінен үш, атап айтқанда, Қызылорда қаласы мен Жаңақорған және Шиелі
аудандарында жүзеге асырылатын болады.

Шара барысында сондай-ақ,
жоба менеджері Люка Карапелли, Байлар Талыбов және жоба үйлестірушісі Әсел
Тастанова сөз алып, жаңа жоба жайында ой-пікірлерімен бөлісті.

Айнұр БАТТАЛОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз