ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

80

0

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 31 желтоқсанда
Орталық алаңда Сыр жұртшылығын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Көпшілік
алдында аймақ басшысы ізгі лебізін білдіріп, өткен жылдың біздің өңір үшін
табысты болғанын жеткізді.


2014 жыл табысты болды. Инвестиция тарту, құрылыс салу, орта-кіші кәсіпкерлікті
дамыту, бюджетті нығайту бойынша еліміздің маңдайалды аймақтарының қатарында
келеміз. Қиындықтарға қарамастан әлеуметтік сала назардан тыс қалған емес.
Мәселен, жан басына шаққандағы бюджеттің әлеуметтік шығындары бойынша облысымыз
бірінші орында тұр. Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге
саулық, шаңырақтарыңызға құт пен береке тілеймін, – деді облыс әкімі.

Мұнан
соң мерекелік салтанат концертпен жалғасты. Түрлі-түсті отшашу мерекенің сәнін
кіргізді.

 

Ә.ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз