ЖАЛҒА БЕРУДЕН ТАБЫС ТҮСЕДІ

69

0

Қазақстан Республикасының
«Мемле­кет­тік мүлік туралы» Заңына
сәйкес Республика Үкіметінің Қаулысымен «Респуб­ликалық мүлікті мүліктік жалдауға беру қағидасы» бекітілген
болатын. Кейіннен жо­ғарыда аталған қағидаға өзгерістер мен толықтырулар
енгізілді. Осы қағидаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісіне берілген
мүлікті, ҚР Қарулы Күштерінің басқа да әскери құрылымдарының әскери мүлкін және
пайдаланылмайтын әскери мүл­кін
қоспағанда мемлекеттік
меншіктегі жыл­­жымалы және жылжымайтын мүлік мү­ліктік жалға беру нысандары болып табылады.

Қағидаға сәйкес тұрғын үй
емес жайдың 1 шаршы метр үшін жалдау
ақысының есеп айрысу мөлшері,
нысанның орналасқан жерін, құрылыс типін, қолайлылық дәрежесін, аумақтық
орналасу коэффициентін, жалдаушының қызмет түрін және жалдаушының
ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін
коэффициенттерді және жылға арналған 1,5 айлық көрсеткішті ескере отырып бекітіледі. Ал жабдықтар мен автокөлік құралдарын
жалға беру кезінде жалдау ақысы
олардың 100 пайыз тозуын есептеп
бастапқы (қайтадан қалпына келтіру) құнының 10 пайыз мөлшерін инфляция коэффициентіне көбейту арқылы
белгіленеді. Республикалық заңды тұлғалардың балансындағы тұрғын үй емес
нысандарды және жабдықтар мен автокөлік құралдарын жалдау ақысының есеп айрысу
мөлшері мен мүліктік жалға беру кезінде
қолданылатын коэффициенттердің мөлшерін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бекітеді. Ауданы 100 шаршы метрге дейінгі
тұрғын үй емес жайлар, ғимараттар мен құрылыстар және қалдық құны 150 еселік
айлық есептік көрсеткіштен аспайтын өзге де мүліктер (автокөліктер, жабдықтар,
ұйымдастыру техникасы және т.б) тендер өткізілмей жалға беріледі. Қалған
жағдайларда және бір нысанға екі одан да көп өтініштер берілген кезде,
нысандарды мүліктік жалға беру тендер
арқылы жүзеге асырылады.

Қызылорда мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру департаментінің негізгі міндеттерінің бірі Үкіметтің
қаулысымен бекітілген жалға беру қағидасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік
заңды тұлғаларға бекітіп берілген, уақытша пайдаланылмай тұрған тұрғын үй емес жайлар мен құрал жабдықтарды
анықтап, оларды жалға беру арқылы бюджетке салықтық емес түсімдерді түсіру болып табылады. Осы бағытта департамент тұрақты түрде жұмыс
жүргізіп келеді.

2014 жылдың 1 қазанына
дейін жалға беру жөнінде 94 келісім-шарт жасалып, републикалық бюджетке 11 718
мың тенге аударылды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жалға беру
жайлы 6 келісім-шарт артық жасалып,
республикалық бюджетке 2 085 мың тенге артық салықтық емес түсімдер түсірілді.

 

Дүйсен БАЙҒАЗИНОВ,

Қызылорда мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру

департаментінің бөлім
басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз