ЖАЛАҒАШ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

45

0

РАМАЗАН
АЙЫНЫҢ ШАРАПАТЫ

Мұсылмандар қауымының
қасиетті Рамазан айына байланысты аудан әкімі Т.Дүйсебаев Жалағаш кентіндегі
«Иманқұл” мешітінде ауызашар рәсімін жасады.

Аудан басшысы
жиналғандарды Ораза айымен құттықтап, отбасыларына аманшылық, береке-бірлік
тіледі. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы К.Сүлейменов пен кент ардагерлер
кеңесінің төрағасы Б.Көштаев да ауыз бекітіп, ораза тұтудың адам ағзасы мен
өміріне пайдасы жайлы жан-жақты әңгімелеп, ақ баталарын берді. Мешіттің бас
имамы М.Жақсылықов аруақтарға құран бағыштады.

ПАРТИЯНЫҢ ЖАҢА МҮШЕЛЕРІ

Жақында «Нұр Отан”
партиясы Жалағаш аудандық филиалында партия қатарына жаңадан қабылданған партия
мүшелеріне жаңа үлгідегі билеттерін табыстау рәсімі өткізілді. Мерекелік шараны
партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Тәйтіков ашып, жаңадан
қабылданған партия мүшелеріне өз құттықтауын жеткізді.

Жаңадан партия қатарына
өткен қаламгер Қ.Ахетов, ардагер Ү.Жақанбаев, «Қазақ тілі” қоғамдық ұйымының
төрайымы Д.Мейірманова және тағы басқаларға жаңа үлгідегі партиялық билеттері
мен «Нұр Отан” партиясының «Нұр Отан – нұрлы Болашақ жолында!” саяси доктринасы
табысталды.

Партия ардагерлері «Нұр
Отан” партиясына өз алғыстарын білдіріп, жастарды алдағы уақытта бірлесе жұмыс
жасауға шақырды.

«ЖАСЫЛ
ЕЛ” САРБАЗДАРЫ

Жалағаш кенті
орталығындағы «Астана” саябағында «Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы мен
«Жастарды қолдау орталығы” МКМ аудан бойынша бөлімінің, аудан жастарының
«Темірқазық” ҚБ-ның ұйымдастыруымен «Біздің ауыл жобасы” негізінде «Жасыл ел”
сарбаздары тазалық акциясын өткізді.

Акцияға қатысушы жастар
көше тазалығына бел буа, білек түре кірісіп, кент келбетін көріктендіруге өз
үлестерін қосты. Сенбілікке қатысқан аудан жастары іс-шара соңынан тұрғындарға
өз өнерлерін тарту етіп, ойын-сауыққа ұластырды.

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

Жалағаш ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз