ЖАЛҒАН АҚПАРАТ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАТТЫ

60

0

Мына әлеуметтік желіде ақпарат
жариялап, жұрттан жақсы пікір күтіп отырудың өзіндік тәртібі бар. Анығы жалған хабар
таратып, қалың елді дүрліктірер болсаңыз, заң алдында жауап бересіз. Яғни,
«телефон өзімдікі, не болса соны сала берем” деген ойдан аулақ болу керек.

24 наурыз күні Қызылорда қаласының бір тұрғыны көршісінің
үйіне ұрлыққа оқталу қылмыстық әрекеті орын алып жатқандығы жайлы расталмаған
ақпаратты «Facebook» әлеуметтік желісіне орналастырады. Жарияланымды облыстық
ішкі істер департаменті назардан тыс қалдырмай, тиісті тексеріс жұмыстарын
жүргізу үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіледі. Оқиға орнына алып ұшып
жеткен олар мән-жайды анықтап, аталған оқиғаның шындыққа сай келмейтініне көз
жеткізеді.

Сонымен, жалған хабар таратқан тұрғынның үстінен ҚР Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы бойынша, яғни арнаулы қызметтерді
көрінеу жалған шақыру дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Нәтижесінде
ақпараттың растығына көз жеткізбей интернет ресурсына орналастырған азаматша 30
айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 63 630 теңге мөлшерінде айыппұл төлейтін
болды.

 

Н.ТАСТЕМІР.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз