Жанар-жағармай бағасы тұрақты

66

0

Қызылорда
облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Мұнай өнімдерін өндіру және
өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19
қаңтардағы №137 Қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг
жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 10 қарашадағы жүргізілген мониторинг нәтижесімен
облыста АИ-92 маркалы бензині – 128 теңге,
АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны 115 теңгені құрап отыр, яғни 2014 жылдың
21 тамыздағы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бекітілген шекті бағалардан
аспайтындығын жеткізеді.

Сонымен
қатар, бүгінгі күні облыста мұнай өнімдерін бөлшек саудада сататын жалпы 121
жанар-жағармай құю бекеттері жұмыс жасайды. Оның ішінде Қызылорда
қаласындағы 49 жанар-жағармай құю
бекеттерінде АИ-92 маркалы бензині күнделікті қолма-қол түрде бөлшек саудада
сатылып жатқандығын хабарлайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз