ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚОРЫ ҚАМДАЛЫП ЖАТЫР

46

0

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменов
аймақтағы жанар-жағармай бағасына қатысты брифинг өткізді. Оның айтуынша,
басқарма тарапынан бағаның шекті мөлшерден асып кетпеуі қатаң қадағалануда және
жағдайды толық бақылауға алу үшін жанар-жағармай саудасына қатысты мониторинг
күнделікті жүргізіліп келеді.

– 18-қыркүйектегі жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, облыста АИ-92 маркалы бензин – 128 теңге, АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны – 115 теңгені құрап отыр. Облыста мұнай өнімдерін бөлшек саудада сататын жалпы 121 жанар-жағармай құю бекеті бар. Оның ішінде Қызылорда қаласында орналасқан 41 бекет тұрақты жұмыс істеп тұр. Жалпы, облыстағы барлық жанар-жағармай бекеттері бағаны шекті мөлшерден асырып жатқан жоқ, – дейді Тельман Сүлейменов.

Биылғы жылға ҚР Энергетика министрлігінен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және жанар-жағармай бағаларын тұрақтандыру бойынша бөлінген мұнай өнімдерін облыста тарататын 15 оператор белгіленген. Қазіргі таңда облыста министрліктен бөлінген мұнай өнімдерін жеткізуші 3 қор ұстаушы компания және белгіленген 15 оператор арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Тельман Сүлейменов сұхбат барысында жанармайдан тапшылық болмайтынын жеткізді.

Дәурен ОМАРОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз