ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ 7,8 ПАЙЫЗҒА АРЗАНДАДЫ

71

0

Бейсенбі
күні облыстық коммуникациялар орталығында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және
туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құрманкүл Датқабекова журналис­терге
жанар-жағармай бағасына қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Басқарма бүгінде әлеуметтік
маңы­зы бар мұнай өнімдерінің бағала­рын тұрақтандыру бойынша облыс аума­ғында
орналасқан жанар-жағармай бе­кет­теріне күнделікті мониторинг жүргі­зіп отыр.

Қазір Қызылордада АИ-92 – 108
теңге, АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны 107 теңгеден сатылуда.

– Өткен жыл соңымен салыстыр­ғанда
жанар-жағармай бағасы 7,8 пай­­ызға арзандады. Бағаны облыс әкім­­дігімен
бірлесіп тұрақты ұстап отыр­­мыз. Өткен жылы республиканың өз­ге аймақтарында
қоғамдық көлік, такси бағалары өссе, біздің өңірде бұрынғы баға сақталып тұр, –
деген Қ.Дат­қабекова, көктемгі егіс кезінде жанар-жағармайдан тапшылық
болмайтыны әрі жанармай қоры толыққанды екен­дігін де жеткізді. Сонымен қатар,
дағдарыс туындаған жағдайда артық қор сақталатынын айтты.

Бүгінгі күнде аймақта 121 май
құю бекеті жұмыс істейді. Олардың ішінде 56 бекет облыс орталығында орна­лас­қан.
Шекті бағадан асырмау туралы министрліктің арнайы тапсырма­сымен жұмыс істеп
жатқан жанармай құю бекеттері мен делдалсыз ар­найы белгіленген 15 оператор
жанар-жа­ғармай жеткізіп беруде.

 

Нұрәли Нұрбек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз