ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚАЛЫПТЫ

67

0

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және
туризм бас­қар­масы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мони­торингін жүзеге
асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №137 Қаулысының
мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу туралы 4-тармағына
сәйкес 17 қарашадағы жүргізілген мони­торинг нәтижесімен облыста АИ-92 мар­ка­лы
бензині – 128 теңге,  АИ-80 – 89 тең­ге,
дизель отыны 115 теңгені құрап отыр, яғни 2014 жылдың 21 тамыздағы 
ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бекі­тіл­­ген шекті бағалардан аспайтындығын
жет­кізеді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні
облыста мұнай өнімдерін бөлшек саудада сата­тын жалпы 121 жанар-жағармай құю бе
­­­кет­тері
жұмыс жасайды. Оның ішін­де Қы­зыл­орда қаласындағы 49 жа­нар-жағармай құю
бекеттерінде АИ-92, АИ-80 маркалы бен­зиндері күнделікті қол­­ма-қол түрде
бөлшек саудада сатылып жатқан­дығын хабарлайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз