ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚАЛЫПТЫ

51

0

Қызылорда
облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Мұнай өнімдерін өндіру және
өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19
қаңтардағы №137 Қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг
жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 2 желтоқсандағы жүргізілген мониторинг
нәтижесімен облыста АИ-92 маркалы бензині – 115 теңге, АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны – 107 теңгені
құрап отыр, яғни 2014 жылғы 10 желтоқсанда бекітілген шекті бағалардан аспайтындығын
жеткізеді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні облыста
мұнай өнімдерін бөлшек саудада сататын жалпы 121 жанар-жағармай құю бекеттері
жұмыс жасайды. Оның ішінде Қызылорда қаласындағы 44 жанар-жағар май құю
бекеттерінде АИ-92, АИ-80 маркалы бензиндері күнделікті қолма-қол түрде бөлшек
саудада сатылып жатқандығын хабарлайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз