ЖАНҚОЖАДАҒЫ ЖАҢА ЕМХАНА

44

0

Қазалы ауданының Жанқожа ауылында жаңа емхана есік ашты. Облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова, аудан әкімі Бақыт Жаханов, облыстық мәслихат депутаты Құлпыбай Ысқақ, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан жаңа ғимараттың лентасын қиды. 
Жанқожа ауылы – аудандағы іргелі елді мекендердің бірі. 2014 жылы Жанқожа бабамыздың дүниеге келгеніне 240 жыл толмақшы. Мерейтойды кең көлемде атап өту межеленуде. Дайындық жұмыстары басталып та кетті. Бүгін шараны сол қуаныштың бір парасы десек, жарасымды. Ауыл орталығынан бой көтерген емхана құрылысын «Аман құрылыс» ЖШС жүргізіпті. Санаулы мерзімде ел игілігіне берілген нысан республикалық бюджет қаржысына салынды. Ғимарат кең әрі жарық. Тәулігіне 15 адам қабылдайды. Емхананың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова Сыр өңірінде бой көтерген дәрігерлік амбулаториялардың 5-еуі Қазалы ауданында салынғанын, мұның бәрі Елбасымыздың сара саясатының жемісі екендігіне тоқталды. Еңбек ардагері Зейнедин Нуфтуллаев ауыл тұрғындары атынан ел ағаларына ризашылық білдірді. 
Дәл осы күні Пірімов, Басықара ауылдарында да нақ осындай жаңадан салынған емхана құрылысының тұсауы кесілді. 
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз