ЖАС БАСШЫ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕ

55

0

«Нұр
Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып Жандос Базартай
тағайындалды. Өзінің іскерлігімен жастардың көшбасшысы бола білген Жандос
Нұртайұлын «Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі
Қырымбек Көшербаев құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

«Аймақтық филиалдың төрағасы ретінде Жандос
Нұртайұлына партияның қоғамдық
жұмыстарын жалғастыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуде, халық
пен партияның арасындағы сенімге селкеу түсірмей, жауапкершілікті сезіне оты­рып
қызмет атқаратынына сенім білдіремін. Осы уақытқа дейін жастар арасында
көшбасшы болып, жастармен етене араласып жүргендіктен партия төрағасының
орынбасарлық қызметі мен жастар мәселесін ұштастырып жұмыс атқарады деп
ойлаймын. Сондықтан жұмысына сәттілік тілеймін», – деді аймақ басшысы.

Жандос Базартай өз ісінің білікті маманы. Ол 2007-2012 жылдары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі, «Студент жастар одағы» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының
облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарған. Сондай-ақ, облыс
бойынша «Жас Отан» корпоративтік қорының директоры болып жұмыс жасады. Соңғы
екі жылда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды.

Жиын
барысында сан қырлы жұмыстар атқарып, қоғамдық шаралардың жүзеге асуына өз
үлесін қосып жүрген белсенді жас басшы жаңа қызметте де жақсы жетістіктерге
жететіне уәде етті.

 

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз