ЖАС ҰЛАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

33

0

ЖАС ҰЛАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТәуелсіз еліміздің жастарын үлгілі істермен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға «Жас ұлан» ұйымының тәрбиелеудегі маңызы зор. Бұл ұйым әрбір жаңа жобаларға, әлеуметтік бастамаларға, акцияларға, мерекелерге ерекше назар аударып, ұйымның жұмысын жандандыруда белсенділік танытуда. Оның бірден-бір дәлелі ретінде республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы жастардың ұлтжандылық тәрбие алуына, олардың ұлттық мәдениет құндылықтарымен танысуына ықпал ету, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жаңа орындарды анықтау және таланттарға қолдау көрсету мақсатында өткен «Ұлттық ойындар», «Ел рәміздері – менің мақтанышым» тақырыбында ұйымдастырылған жобаны айтуымызға болады. Осы жобада  №140 қазақ орта мектебінің 9 «а» сынып оқушысы Ләзи Алтынбек «Ұлттық ойындар» бойынша «Астанаға саяхат» ойынымен «Үздік заманауи ойын» номинациясын иеленіп, оның шығармалары  «Атамұрам – Асыл Қазынам» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына арналған ұлттық ойындар жинағына енді. Ал, «Ел рәміздері – менің мақтанышым» жобасы бойынша, мектебіміздің  жас ұланы,  7 «а» сынып оқушысы Бекболат Инабат «Нұр бала» ертегісі бойынша үздік деп танылды. Екі жас ұланымыз да арнайы Астана қаласына шақыртылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шәкірттеріміздің жоғары биіктерден көрінуі біздің еңбегіміздің ақталғаны деп білеміз. Сондықтан жасұландықтарға сәттілік тілейміз.

Эльмира ДОСЫБАЙ,
№140 қазақ орта мектеп тәлімгері.
Қызылорда қаласы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз