ЖАС МАМАНҒА ЖОЛДАМА БЕРДІ

40

0

ЖАС МАМАНҒА ЖОЛДАМА БЕРДІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында
«Білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде
қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі керек» дегені белгілі. Бұл
тұрғыда Қазалы көлік-техникалық колледжінде толымды тірліктер тындырылуда.
Кезінде мұнда Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келіп жастар білім алатын-ды.
Сол дағды қазір де бәсеңдеген жоқ. Жуырда өткізілген колледж бітіруші
түлектерге димплом тапсыру рәсімі жұртшылықтың көңілінде ұзақ уақыт сақталары
даусыз.

Ұжымда еңбегімен дара шыққандар баршылық. Колледж басшысы, аудандық
мәслихат депутаты Болатбек Ахметов «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»
екенін атап кеткен жөн. Шара шымылдығы түрілсімен ортаға «Тамақтандыруды
ұйымдастыру» тобының студенттері шақырылды. Олардың арасында облыстық «Үздік
аспаз» байқауының жеңімпаздары бар. Оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі
табыстары үшін өндірістік оқу шебері Лида Маханбетқызы «Ыбырай Алтынсарин»
төсбелгісін иеленген-ді. Мұнан соң «Жылжымалы құрамдардарды жөндеу слесары»,
өзге де топ түлектеріне дип­лом тапсырылды. Биылғы жылы 11 студент «Үздік
диплом» иегері атанды. Сонымен қатар, колледжде көпшілік ықыласына бөленген
өнерпаздар, танымал спортшылар да кездеседі. Өндірістік оқу шебері Рустам
Самұратұлының «Жігіт төресі» байқауында бас жүлдені жеңіп алуы соның айғағы.

Міне, көңіл толқытар сәт. Еліміздің Туы көкке қалықтап, Әнұран
орындалды. Колледж ұжымы Бүкіләлемдік банк қарызы есебінен қаржыландырылатын
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» Жобасына қатысып, 380
мың АҚШ доллары грантын жеңіп алды. Нәтижесінде Франция, Германия, Чехия,
Ресей, Белоруссия мелмекеттерінде мамандар іс-тәжірибе жинақтады. Шара
шымылдығын аудан әкімі Бақыт Жаханов,
ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, колледж басышысы Болатбек
Ахметов құттықтау сөзбен ашты. Рәсімде базалық мекемелерден келген өкілдер
лебіздерін білдірді. Ән-жырдан шашу шашылды.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз