ЖАС ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

56

0

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасында жаңадан келген жас қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шараның ашылуында сөз алған басқарма басшысы, полиция подполковнигі Пазылбек Нәлібаев жас полиция қызметкерлерін құттықтап, халыққа мінсіз қызмет ететіндіктеріне сенім білдірді. 
– Желтоқсанның бірінде барлық қазақстандық Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өтеді. Сіздерді осы айтулы мемлекеттік мерекемен құттықтаймын. Мемлекет басшысы құқық қорғау саласында  көптеген жаңашылдыққа бастамашы болды. Тәуелсіздік жылдарында тәуелсіз сот билігі мен заманауи құқық қорғау жүйесі қалыптасты. Егемен еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жасап жатқан еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін, – деді басқарма басшысы.
Шара барысында үздік қызметкерлер марапатталып, басқарманың жеке құрамы салтанатты түрде сап түзеді. 
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз