ЖАС СУДЬЯЛАРҒА ҮЙРЕНЕРЛІК ШАРА

69

0

Қызылорда облыстық сотын­да «Азаматтық істер бойынша сот
шешімін дайындау әдіс­те­месі” тақырыбында екі күндік ғы­­лыми-практикалық
семинар өтті. Сыр елінде алғаш рет өт­кізілген бұл шараның негізгі ұйым­дастырушылары
Қазақ­стан­дағы Америка заңгерлер Ассоциа­циясы өкілдігі мен Қазақстан Рес­публикасының
Судьялар одағы.

Семинарға облыстық соттың алқа төрағалары мен облыс
соттарының судьялары, сондай-ақ жаңадан тағайындалған судьялар мен кеңсе
басшысы және оның орынбасары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шараға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы Судьялар
одағының төрағасы Серік Байбатыров пен Қазақстандағы Америка заңгерлер
ассоциациясы өкілдігінің басшысы Шолпан Ташмұхамбетова семинар жұмысына
сәттілік тіледі.

Семинарда сөз алған облыстық соттың азаматтық және
әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Қайрат Адыранов: «Аталмыш жиынның
біздің облысымызда өткізілуі жас судьялардың қажырлы еңбек етуіне және
біліктілігін арттыра түсуіне бағытталған жаңалық екені белгілі. Қазіргі таңда
облыс­та 65 судья қызмет атқарады десек, олардың үштен бірі жас судьялар.
Сондықтан осы шара облысымыздағы жас судьялар үшін тәжірибе жинақтап, сот
төрелігін әділ жүргізу мақсатындағы үйренері көп келелі басқосу болды”, – дей
келе, семинарды ұйымдастырушылар мен отставкадағы судьяларға алғысын білдірді.

ҚР Жоғарғы сотының отстав­кадағы судьясы Николай Мамонтов
өз баяндамасында талап қою және талап қою құқығының негіздерін талдап
түсіндірсе, Сол­түстік Қазақстан
облыстық соты­ның отставкадағы судьясы Инесса Қуанова «Іс бойынша нақты
мән-жайларды анықтау” тақырыбындағы баяндамасын түр­лі мысалдар келтіре отырып
баяндап берді. Сонымен бірге «Құқық қолдану” (субсумация) жайлы пікірлерімен
бөлісті.

Семинарға қатысушыларға
арнайы сертификаттар табысталды.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз