ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

51

0

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жастарды
қолдау орталығының” ұйымдастыруымен «Сыр болашақ жастары – кемел елдің ертеңі”
атты семинар болып өтті. Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ішкі бақылау қызметінің бас консультанты Ж. Наушабай, облыс бойынша
департамент басшысы, Тәртіптік кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев, облыстық жастар
саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ж.Базартай және жас мемлекеттік
қызметшілер клубының мүшелері қатысты.

Семинарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс
бойынша департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев жүргізіп, шараның маңыздылығына
тоқталып өтті.

Қазіргі таңда жастар ұйымының атқарып жатқан
негізгі қызметі ерекше. Олар белсенді
жастар қатарын арттырып, қоғамның жан-жақты дамуына өзіндік үлестерін қосуда.
Түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жастардың шығармашылық белсенділігін арттырып,
қоғамда жұмыссыз жастар санын азайтуда.

Сондай-ақ, білікті жас мамандардың клубы құрылған
болатын. Бұл клуб мүшелері арнайы бас қосып, жас мемлекеттік қызметшілердің
тыныс-тіршілігін талқыға салатын. Осы орайда «Сыр болашағы” жас мемлекеттік
қызметшілер клубының төрағасы А.Қайруллаев өткен жылы клубтың атқарған қызметі
мен жеткен жетістіктері, жүзеге асырған жаңа жобалары жөнінде таныстырып өтті. Жиында
клуб төрағасы сайланды. Клуб жетекшілігіне жас­тар басқармасын басқарып отырған
Жандос Базартай сайланып, ол өзінің алдағы атқарар жұмыстарын көпшілікке слайд
арқылы түсіндірді.

Иә,
өткен жылы облыс жастарының белсенділігі жөнінде республиклық деңгейде 3-орынға
шыққан болатын. Бұл да жақсы көрсеткіш. Негізінен облыста 200 мыңнан аса жастар
болса, оның басым бөлігі жоғары оқу орындарында мамандық игерсе, қалғаны жастар
ұйымдарында белсенді қызмет атқаруда.

Білікті
кадр – қашанда өз ісінің шебері. Ал, оны даярлау қоғамның міндеті. Сонымен
қатар, қазіргі жас мемлекеттік қызметшілердің құқығы мен атқарар қызметі
жөнінде Сыр еліне арнайы келген Ж.Наушабай кеңінен түсіндіріп өтті.

Шара
соңында арнайы келген маманға сұрақтар
қойылып, оған тиісті жауап берілді.

Сара
ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз