ЖАСТАРҒА ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖАРАСАДЫ

110

0

Қазір оқушыларға заманталабына сай білім беруге, болашақізденіске жол ашуғаүлкен мән берілуде. Бұлұстаздар қауымына үлкенміндеттер жүктейді. Жаңақорған ауданы, Түгіскенауылындағы №209 Ә.Әбутәліпов атындағымектепте өткен аудандықсеминар осы мақсаттыкөздеді.

Семинар қазіргі заман талабына сай Білім және ғылым министрлігінің мектеп мұғалімдерін оқытудағы «Кемб­ридж» тәсілі аясында ұйым­дастырылып, «Тәрбие үде­рі­сінің тиімді формалары мен әдіс тәсілдерін қолдану» та­қы­рыбында жүргізілді. Оған тәжірибе алмасу мақсатында ауданаралық мектептердегі деңгейлік курстардан өткен ұстаздар қатысты. Семинарды мектеп директоры Е.Құлымбетов ашып, бекітілген бағдарлама бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Баязитова 8-сынып оқушыларына «Күн шуағым – отбасым» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Баланы жақсылық жасауға үндеу, отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, мәдениетті, саналы, еңбекқор, үлкенге құрмет, кішіге ізет жасай білетін тұлға етіп тәрбиелеу жөнінде оқушылар өз пікірлерін айтты. «Жауқазын» әдеби үйір­ме­сінің мүшесі, 11-сынып оқу­шысы Назерке Айтөренің «Балауса балғын жырларым» атты кі­табының тұсаукесері болды. «Бұ­лақ көрсең, көзін аш..» демек­ші әр­бір оқушының бойындағы дарынды ояту ұстаздың міндеті екені анық. Назеркенің алғашқы ұстазы Разия апай ақын қыздың бойындағы ерекше қасиет бастауыш сыныпта байқалғандығы жөнінде айтты.

Шара «Әдептіліктің алтын ережелері», «Шежірелі сырға толы мекен» тақырыбындағы сабақтармен жалғасып, «Кембридж» тәсілінің теориялық не­гіздері аясындағы деңгейлік курстан өткен Ұ.Құлымбетова мұғалімдер арасында «Болашақ­тағы оқу» тренингін өткізді. «Мінсіз мұғалім», «мінсіз оқушы» жөнінде ой тастады. Аудандық білім бөлімінің мамандары семинарды жоғары бағалап, мектеп басшыларына алғысын жеткізді.

Семинар соңында мектептегі хор үйірмесінің шағын концерті ұйымдастырылды.

Е.ӘБДІР. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз