ЖАСТАРҒА ЖАЛЫНДАҒАН ЖАРАСАДЫ

47

0

Жуырда
Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Темір­қазық” жастар қоғамдық бірлес­тігінің
ұйымдастыруымен «Жа­лағаш­­тық жастар – жарқын бо­лашаққа” тақырыбында жастар форумы болып өтті. Оған
аудан әкімі Т.Дүйсебаев, белсенді жас­тар,
ұстаздар және бірқатар мекеме басшылары қатысты.

Форумның
негізгі мақсаты – белсенді жастарға қолдау білдіру, олармен бірлесе жұмыс
жасау, қолға алған кәсіптеріне көңіл
бөлу және дамыту, жастар ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстарын жетілдіру болып
табылды.

Шарада
сөз алған аудан әкімі Т.Дүйсебаев жалағаштық жас­тар қашанда белсенді екенін,
жастар саясатының дамуына өзіндік үлестерін қосып келе жатқандықтарын және
олармен кездесу алдағы уақытта да жалғасын табатынын тілге тиек етті.

Сондай-ақ,
аудан әкімінің қолдауымен әрбір ауылдық округ әкімдіктері жанынан жастармен
жұмыс жасайтын бөлім ашылатын болды. Ал, жастардың ұсынысымен өз ісіне деген
аса жауапкершілік пен біліктілігін көрсете білгендер үшін жыл сайын арнайы
марапат тағайындалатыны жиналғандарды қуантты.

Форум
барысында жас­тар «Дін және жастар”, «Еріктілер қозғалысының дамуы”, «Жастар
саясатындағы мемлекеттік бағдарламалардың рөлі” тақырып­тар­дағы секцияға
бөлініп, он­да өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын да айтуды ұмыт қалдырмады.
Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар,
кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп бөлімі, «Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры,
кәсіпкерлік палата өкілдері жастарға бағдарламалар жөнінде түсіндірме
жұмыстарын жасап, тұшымды ақпарат берді.

Одан әрі
аудан жастарының бастамасымен еріктілер қозғалысы құрылып, жетекшісі болып көпшіліктің ұсынысымен жас маман Алтынай
Нұрланқызы сайланды.

Шара
соңында жастар аудан әкімін футболдан
жолдастық кездесуге шақырды.

Сара
ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз