“ЖАСЫЛ ЕЛ” ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

43

0

“ЖАСЫЛ ЕЛ” ЖОБАСЫ  ЖАЛҒАСАДЫ

Қызылорда облыстық әкімшілігінің мәжіліс залында ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХVШ көшпелі отырысы болып өтті. Кеңес төрағасы ҒабидуллаӘбдірахымов бүгінгімәжілістің негізгі мақсаты 2005 жылдан бері Елбасының қамқорлығыменжүргізіліп келе жатқан «Жасыл ел” бағдарламасының өзекті мәселелері мен оны жетілдіружолдары турасында болатындығын, сондықтан да кеңес мүшелері мен мәжіліскерлердің пікірсайысқа белсене араласуларын сұрады.

– «Қазақстан-2050” бағдарламасын іске асыратын да, республикамызды дамыған 30ел қатарына қосатын да бүгінгі жастар,– деді мәжілісте сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.– Сондықтан да биыл мектеп бітірген 200-ден астам түлек Ресейдің жоғары оқу орындарының арнайы грантын иеленді. Олардың арасында тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар баршылық. Олар – Сыр елінің жарқын болашағы, келешек облысымыздың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосатынмаман кадр­лар.

Аймақ басшысы облыстағы жұмыс­сыз­дардың 20пайызын 29 жасқа дейінгі жастар құрайтынын, сондықтан оларды тұрақты жұмысқа тарту бағытында түрлі іс-шараларжүргізіліп жатқанын, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы оң өзгерістер төңірегінде әңгіме өрбітті. Облыс­та өткен жылдармен салыстырғанда жастар араласатын салаларда ілгерілеушілік басым. Мәселен, «Жасыл ел” жобасынақатысатын жастар санын 500-ден 1000-ға жеткізу, оларға арнайы көлік бөлу қарастырылуда.

Мұнан кейін сөз алған ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев жастар мен студенттерден құрылған республикалық «Жасыл ел” еңбек жасақтарының осы кезге дейінгіатқарған жұмыстары, оларға жергілікті әкімшіліктерден жасалған қамқорлық, бөлінген қаражат, оны жарату барысы туралы айтса,
«Жасыл ел” еңбек сарбаздары республикалық штабының басшысы Рахат Хамидуллин алдағы міндеттерге тоқталды. Ал Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ақмарал ӘлназароваСыр өңірі, оның ішінде ауыл жастарына жасалған қамқорлық,бағдарламаның жүргізілу барысы, жобаның насихатталуы төңірегінде ой өрбітті. Аймақта 2544 жастың тұрақты жұмысқа орналастырылғанын, жұмыссыздық дең­гейінің 0,2 пайызға төмендегенін, «Жасыл ел” жобасы мен құрылыс жасақтарының саны өткен жылдан екі есеге артқанын жеткізген облыс әкімінің орынбасары алда атқарылар істерді саралады.

Көшпелі мәжіліске қатысушылар өздерін толғандырған тү­йін­ді мәселе төңіре­гінде ой өр­бітіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Мәселен, Се­мей, Атырау, Қызылорда сынды экологиялық ай­мақтарға көңіл бөлінсе, олар­дағы жастар жа­сақтарына қам­қор­лық күшейтіліп, ақпараттық-наси­хаттық жұмыс жандандырылсадеген ұсыныс айтылды. «Жасыл ел” жасағы құрамында еңбек еткен сарбаздардың айлық ақысын уақытылы төлеу және оны көбейту қажеттігі ескертілді. Кеңестің кезекті мәжілісін қорытындылаған кеңес төрағасы бүгінгіайтылған ұсыныс-пікірлердіңназарда болатындығын баса айтты.

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз