ЖАСЫЛ ШЫРША ШАТТЫҒЫ

53

0

ЖАСЫЛ ШЫРША ШАТТЫҒЫ

Жылқы жылының соңғы күнінде облыс әкімі
Қ.Көшербаев Жаңа жыл мерекесімен құттықтау үшін және жұмыс барыстарын бағдарлау
мақсатында облыстық мамандандырылған сәбилер үйіне және «Ана мен бала
орталығына» барды. Сонымен қатар, «Қызылордажылуэлектрорталығының» жұ­мысымен
танысты.

Облыстық
мамандандырылған сәбилер үйі 60 орынға лайықталған. Мұнда ата-анасының
қамқорлығынсыз және жетім қалған, ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетін
4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде. Аймақ басшысы бүлдіршіндердің мерекелік
концертін тамашалап әрі мерекелерімен құттықтап, жаңажылдық сыйлықтарын табыс
етті.

Мұнан
соң өңір басшысы «Ана мен бала орталығында» болды. Жуырда ғана пайдалануға
берілген, емдеу-сауықтыру бағытындағы нысан аймақтағы ең ірі орталық болып
саналады. Диагностикалық емханасы бар перинаталдық орталықта отбасын құруды
жоспарлау және түсік қаупінің алдын алу бойынша дәрігерлер кеңес береді. Екі
жүз орынға арналған орталықта білікті мамандар қызмет етеді. Он төрт неонатолог
пен 7 реаниматор арнайы тәжірибеден өтіп, оқытылды. Мұнда 12 жеке босану
бөлімшесі бар. Жүкті әйелдер патологиясы мен нәрестелер бөлімінде медицинаның
соңғы жетістіктері, диагностикалау мен емдеудің озық әдістері қолданылады.


Соңғы екі жылда ана мен бала өлімі елу пайызға төмендеді. Алдағы уақытта да
осындай жемісті жұмыс жасауымыз керек. Оған бізде толық мүмкіндік бар. Келер
жылда мұнан да жақсы нәтиже күтеміз – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Облыс
орталығының жылу нәрі саналатын ең үлкен мекеме –
«Қызылордажылуэлектрорталығы». Мекеменің жылу маусымындағы қызметін көзімен
көріп, жағдайға қаныққан аймақ басшысы еңбек өнімділігін арттыратын жаңа
генераторлардың жұмысымен танысты. Толық қуатында жұмыс істеп тұрған техникалардың
алдағы уақытта «Қызылордажылуэлектрорталығының» сапалы қызмет көрсетуіне көмегі
көп» – деді аймақ басшысы.

 

Нұрбек Сағадат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз