ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАНДАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

45

0

ЖАЗАСЫН ӨТЕП
ШЫҚҚАНДАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Жуырда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н.Годунованың төрағалығымен қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі облыс әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде алдыңғы хаттамалық тапсырмаларды жүзеге асыру, бас бостандығынан айыру орындарынан жазасын өтеп шыққандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 106 адам хабарласып, квота бойынша 25 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 30-ы ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, төртеуі әлеуметтік жұмыспен қамтылды, кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарынан 11 адам өтіп, олардың 7-і жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік төлемдер бойынша 5 адам атаулы әлеуметтік көмек, 13 адам 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын және 5 адам тұрғын үй көмегін алуда, ал медициналық-әлеуметтік көмекпен қамтылғаны – 37 адам.

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2 адам өз кәсібін ашу үшін шағын несие алды.

Жеке кәсіпкерлердің және облыс мекемелері басшыларының қолдауымен сотталғандар үшін жұмыс орындарын ашып, жұмыспен қамту мақсатында «Еңбек» РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалының басшылығымен жұмыс цехтары ашылып, онда 87 азамат жұмыспен қамтылды.

Атап айтқанда, ЗК-169/5 мекемесінің өндіріс аймағында орналасқан ғимараттардың бірінде «НұрМад» ЖК қолөнер бұйымдарын дайындау цехын ашты. Бүгінгі күні онда 12 сотталған жұмысқа орналасты, сонымен қатар, тағы 3 адам «Сымбат-7» серіктестігі ашқан дәнекерлеу цехына жұмысқа орналасты.

Шиелі ауданындағы Тартоғай қоныстандыру колониясында қосымша жұмыспен қамту мақсатында жылына 5 млн. дана кірпіш шығаратын кірпіш зауытын ашу пысықталуда. Аталған өндіріс орнында 75 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Зауыт келер жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі.

Отырыста жазасын өтеушілерді кәсіби дайындықтан өткізу де қаралды. Қылмыстық-атқару мекемелеріне еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар тізімі ұсынылды.

Осы жылы облыста алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдық бірлестігі арқылы жазасын өтеп шыққандарға құқықтық және басқа да қызмет түрлерін алуға мүмкіндік беретін «Бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққандарды қайта әлеуметтендіру» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде мамандар жазасын өтеушілерге құқықтық және өзге де қызмет түрлерін көрсетеді. Мысалы, мұнда әлеуметтік және психологиялық көмек, білім, тұрмыс және жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қорғау, құжатттарды жоғалтқан жағдайда оларды рәсімдеу бағытындағы мәселелер бойынша кеңестер алуға болады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында түзеу мекемелері жүйесінде халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қолдау шаралары туралы, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру туралы кітапшалар әзірленді.

Отырыста қылмыстық жазасын өтеу орындарынан босап келгендерді жұмыспен қамтуға ықпал жасау және өзге де әлеуметтік көмектер көрсету бойынша Қызылорда қаласы, Жалағаш және Сырдария аудандарының консультациялық-кеңесші органдарының атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз