ЖЕКЕ ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

47

0

ЖЕКЕ ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНДІАптаның сәрсенбі күні Т.Жүргенов атындағы облыстық шығармашылық үйінің
коммуникациялар орталығында ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон
комитетінің облыс бойынша
департаментінің басшысы Төреахмет Жолымбетов БАҚ өкілдеріне
атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.

– Елбасының «Нұрлы жол – бола­шаққа бастар жол”
атты Жолдауында ай­тылғанындай, Үкімет
алдына барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көле­мінде қамтамасыз ету
міндеті қойылып отыр. Осыған байланысты келесі жыл­дан бастап зейнетақы мөлшері
9 пай­ыз­ға, жәрдемақылар 7 пайызға арт­ты­ры­латын болды, – деді департамент
басшысы. – Ал келер жылдың 1 шілде­сінен бастап мүгедектігіне және асырау­шысынан
айрылуына байланысты бері­ле­тін
мемлекеттік әлеуметтік жәрдем­ақылардың мөлшері 25 пайызға дейін көбейетін
болады. Облыста биылғы жыл­дың 1 қазанындағы
мәлімет бойынша зей­нетақы және
әлеуметтік төлем алу­шылар саны 247500 адамды құрайды, олар­ға төленген қаржы 39,8 млрд. теңге кө­лемінде.

Жаңадан
зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттар бойынша қажеттілігіне байла­нысты айлық
табыстарына, еңбек өті­лі­міне және басқа күмән туғызған құ­жаттарға аудандық, қалалық, облыстық мұ­рағаттарға,
аймақтағы мекемелерге 62 сұраныс жасалып, тексеру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ ТМД елдерінен және басқа облыстардан
түскен 196 сұ­раныс-хатқа байланысты өңірдегі құ­зыр­лы орындарға,
мұрағаттарға сұрау са­лынды.

Халықтың әл-ауқатын жақсарту, олар­дың қажеттіліктерін
өтеу мақса­тын­да жыл сайын «Республикалық бюджет туралы” Заңындағы
өзгерістерге байланысты ен­гізілген зейнетақы және жәрдемақы мөл­шері арттырылуда. Мысалы, ҚР «2014-2016
жылдарға арналған Рес­пуб­ликалық бюджет туралы” Заңында 2014 жыл­дың 1
қаңтарынан бастап барлық зей­нетақы
төлемдерінің мөлшері – 9, жәр­демақы 7 пайызға көбейтілді. Бүгінгі күні ең жоғары
зейнетақының мөлшері базалық зейнетақыны қоса есептегенде 67399,
орташа зейнетақы – 50400, ең төменгі зейнетақы мөлшері 32186 теңгені құрайды.

Зейнетақы жүйесін жаңғыртуға бай­ланысты өткен жылы
заң қабылданды. Онда бірыңғай жи­нақтаушы зейнетақы қорын құру, ерікті
жарналарын міндетті кәсіби жарналармен алмастыру, зейнет жасын бірегейлендіру,
бала күтіміне бай­ланысты еңбек дема­лысында болған уа­қытындағы міндетті зейнетақы жарна­ла­рын қосымша субси­диялау
қарас­ты­рылған. Биылғы жыл ба­сынан бастап зейнетақы жүйесін жаң­ғырту
бойынша ақпараттық-түсін­дірме жұмыстары үздік­сіз жүргізілді. Оның аясында
ашық есік күндері, семи­нарлар, қалалық, аудандық кәсіп­орын ұжымдарымен, елді мекен тұрғын­да­ры­мен
кездесулер, дөңгелек үс­телдер ұй­ымдастырылды. Баспасөз құ­рал­дары да тиімді пайдаланылды.

Департамент басшысы есепті мерзім­де өздеріне және
медициналық әлеуметтік сараптама бөлімдеріне өтініш білдірген тұлғаларға
барлығы 9126 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті. Көрсе­тілген қызметтің
бас­ты үлесі мү­гедектікті белгілеу мақ­са­тында 77,6 пайыз адам­ды куә­ландырудан
өт­кізу болып та­былды. Биыл­ғы жылдың 9 айының қо­рытындысы аймақ бойынша
алғашқы рет мүгедек бо­лып танылғандардың
са­ны артқанын көрсетеді. Мә­се­лен, 2013 жылы об­лыс бойынша алғашқы мү­гедектіктің
интен­сивтік көр­сеткіші жалпы ха­лық­тың 10000 адамына шақ­қанда 19,8
пайыз болса, ол қа­зір 22,3 пайызды құрайды.
Алғашқы мүгедектіктің кө­бею­інде ересектер арасында ту­беркулез ауруы,
балалар ара­сында туа біткен даму ауыт­қулары бірінші орында келеді.
Департамент мүге­дектерді ке­шен­ді түр­де оңалту мақсатында оларға ар­нал­ған
жеке оңалту бағдарламасын әзір­­леу және оның орындалу тиімділігін қа­да­­ғалау
жұмысын жүргізуде. Алайда, мүге­дектерге санаторялық ем қабылдау және
психоневрологиялық интернат үй­ле­рінде
арнайы әлеуметтік қызмет көр­сетудің орындалуы түйінді күйінде қалып
келеді.

Сонымен қатар департамент өңір­де­гі әлеуметтік сала
объектілерінің мү­гедектер үшін ыңғайлы болуы жолында жұмыстар атқарып келеді. Осыған
орай ай сайын «Кедергісіз орта” акциясы өтіп отырады. Оған «Нұр Отан” пар­тия­сының,
облыстық мүгедектер қоға­мы­ның өкілдері қатысады. Оның қорытындысына зер
салсақ, салынған құрылыстардың басым
бөлігі мүмкіндігі шектеулі жандар
үшін бейімделмеген, яғни кресло-арбаларға
арнап орнатылған пандустар нормаға сай емес. Бейімдеу паспортында
көрсетілген өзге де іс-шаралар орындалмаған. Жау­апты адамдарға тиісті
нұсқаулар берілді.

Департаментте азаматтардың 256 ау­­ызша, 107 жазбаша
өтініштері қара­лып, оларға ҚР заңнамасына сәйкес тү­сін­дірмелер берілді.

Облыстық департамент басшысы Т.Жо­­лымбетов БАҚ
өкілдерінің сұрақ­та­ры­на жауап берді.

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз