ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖАҢА АҚПАРАТТЫ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

44

0

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармалары мен жеке тұлғалардың
сұраулары бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалардың берілу
тәртібі ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы №1486 Қаулысымен бекітілген «Соттылықтың
болуы немесе болмауы туралы анықтама беру” мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
талаптарына сәйкес жүзеге асырылған. Алайда Үкіметтің биылғы жылғы №505 Қаулысымен
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы
ақпарат беру” мемлекеттік қызмет стандарты бекітіліп, бұрынғы стандарттың күші жойылды.

Бұл мемлекеттік қызметті ҚР БП-ның Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары
көрсетеді. Анықтаманы ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету
орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы
және www.e.gov.kz «электрондық үкімет” веб-порталы арқылы алуға болады. Есепке алу
мәліметтерін беру туралы сұрау салуды қараудың нәтижесімен берілу мерзімі – құжаттар
топтамасын Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ
порталға жүгінген кезде – 10 минут, қосымша тексеру жүргізілген жағдайда – 3 жұмыс
күн, шетелге шыққан жағдайда – 5 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін
беру нысаны: электрондық. Шетелге шығу үшін көрсетілетін қызметті алғанда берілетін
ақпарат қағаз түрінде ресімделеді. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы
қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке” жіберіледі. Мемлекеттік қызмет
тегін көрсетіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталығы – ҚР-ның
еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі
аралығында сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс жүргізеді. Аталған анықтаманы
(қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат) алу үшін
жеке тұлға тарапынан келесі құжаттар қажет етіледі:

– ХҚО-ға еркін нысандағы өтініш, жеке
куәлік (сәйкестендіру үшін);

– он алты жасқа толмаған адамдар үшін
баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (салыс­тырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

– мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының
мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – нотариус растаған сенімхат;

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының
мекен жайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:

1) көрсетілген қызметті беруші: www.prokuror.kz;

2) ХҚО: www.con.gov.kz;

3) портал: www.e.gov.kz.

Жоғарыдағылар негізінде, 2014 жылдың
17 маусымынан бастап жеке тұлғалардың сұраулары бойынша берілетін анықтамаларда
қылмыс жасағандар, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар, сотталғандар, сонымен
қатар, тұлғаларға қатысты ақталмайтын негізде қысқартылған қылмыстық істер және
қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған құжаттар туралы мәліметтер соттылықтан
өтелу, алыну мерзімдеріне, жауапқа тарту, соттау және жазасын өтеу күндеріне
қарамастан көрсетіле отырып жүзеге асырылатындығы хабарланады.

Б.АЮПОВ,

ҚР Бас прокуратурасы
құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда
облысы бойынша басқармасының бөлім аға прокуроры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз