Жекеше әріптесті айқындауда конкурс өткізуді хабарлау және конкурс құжаттарының көшірмесін ұсыну туралы

54

0

«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мем­ле­кеттік мекемесі «Мемлекеттік – жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлаудың және іске асы­ру­дың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығы негізінде «Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы» туралы жобасын іске асыру мақсатында  жекеше әріптесті айқындауда конкурс өткізілетінін  хабарлайды.

1. Жобаның мақсаты: Сырдария ­ауданы Ақжарма ауылдық округіндегі 2603  халық тұр­ғындарына алғашқы медициналық-сани­тар­лық көмек көрсетуде, сапалы медициналық қыз­мет­тердің көрсеткіштеріне қол жеткізу, ауру­ханада ста­ционарлық ағымын түсіру және алғашқы ме­дициналық-санитарлық көмекті жетілдіру. Медициналық құрал-жабдықтар мен техно­ло­гиялық жабдықтарды қоса алғанда нысанды  материалды-техникалық жарақтандыру.

2.Жобаның құны:

МЖӘ жобасының құны –106 133,6 мың теңге.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес «Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория құрылысы» (2015 жылдың 26 наурызындағы «Мемсараптама» РМК 14-0077/15 мемлекеттік сараптама қорытындысы) ағымдағы деңгейдегі бағамен жалпы құрылысының құны – 106926,0 мың теңгені құрайды.

3. Іске асыру мерзімі және кезеңі:

Іске асыру мерзімі:

1) инвестициялық кезең –  жұмыс жобасына сәйкес МЖӘ нысанын жеке кәсіпкер 4 ай  салып, мемлекет меншігіне береді;

2) инвестициялық кезеңнен кейін – МЖӘ нысанын мемлекет меншігіне беріп және жеке кәсіпкер МЖӘ нысанына қызмет көрсетеді.

Жобаны іске асыруды бастау мерзімі – 2017 жыл.

Аяқталу мерзімі – 2020 жыл.

Іске асыру кезеңі:

2017 ж 4 ай  – инвестициялық кезең;

2018-2020 жылдар –  3 жыл аралығында нысанға қызмет көрсету.

4. Мемлекеттік қолдау шаралары:

Инвестициялық шығындардың өтемақысы (ИШӨ), 3 жыл қол­жетімділік үшін ақы төлеу.

2.Жобаның техника-экономикалық талаптары:

1) жер телімінің көлемі 0,3 га;

2) жалпы ауданы  369,4  м2;

3.Басты көрсеткіштері: Амбулатория ғимараты бір қабатты, тікбұрышты 30,0×12,3м өлшемдерімен. Ғимараттың биіктігі– 3,0м.

Медициналық дәрігерлік амбулатория ғимараты функционалды түрде балалар мен ересектер жалпы практика бөлімі, күндізгі стационар, қосалқы қызмет кабинеттерінің топтарына бөлінеді.

Балалар мен ересектерді қабылдау үшін ауруханаға дейінгі қабылдау бөлмелері, медициналық қабылдау, оқу бөлмелері, процедуралық, сүзгі қорапшасы, оқшаулау бөлмесі, қышқыл жинау бөлмесі, талдау жүргізу бөлмесі, физиотерапия емдеу бөлмесі, ересектер мен балаларға арналған күндізгі стационар бөлмесі.

4.Ұйымдастырушының байланысу деректері: Қы­зылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Рес­пуб­ликасы, «Қызылорда облы­сының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Абай даңғылы №27 3-қабат, 310 кабинет, тел.: 8/7242/40-04-51, электронды пошта:іnfo@uzdr.orda.gov.kz, жауапты орындаушының А.Т.Ә: Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және медициналық қызметтің көлемін орналастыру бөлімінің бас маманы: М.Ш. Асанова.

5. Жоба ұсынысын берудің түпкілікті мерзімі: 11.12.2017 ж.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз