Жемқорлықпен күрес тақырыбында ой бөлісті

45

0

Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Туған жер» қоғамдық қозғалысы қауымдастығының ұйымдастыруымен «Даму» кәсіпкерлік орталығының залында «Сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді біртұтас саясат жүргізу» тақырыбында онлайн-конференция өткізілді.

Онда «Туған жер» қоғамдық қозғалысы қауымдастығының төрайымы Құрманай Ерімбетова атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Тақырыпқа орай облыстық ішкі саясат басқармасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өкілдері, ҮЕҰ жетекшілері өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі облыстық департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Әбдікәрімов, облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы Хәкімжан Әлиев сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жойып, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігін баса айтты.

«Бастамаларды қолдау орталығының» заңгер-кеңесшісі Болат Айтимов білікті заңгер ретінде құқықтық кеңес берді. «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жақсыбек Егізбаев өзінің ұсыныс-тілектерімен кеңінен бөлісті. Аталмыш шара барысында Шиелі, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарының ішкі саясат бөлім басшылары аудан көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан істер жайында қысқаша баяндап берді.

Жанна ҮМБЕТОВА,

«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының заңгері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз