ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСЕЙІК

35

0

Облыс бойынша салық департаментінде «Жемқорлықпен қоғам болып күресейік» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар жұмысына құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдар басшылары және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Семинар жұмысын ашқан салық департаменті басшысының орынбасары Нұрғали Қордабай мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің аса маңыздылығы жөнінде айтып өтті. Негізі салық органдарының қызметкерлерінің жұмысы халықпен тығыз байланысты. Осы орайда жемқорлықтың алдын алу үшін салықтық қызмет көрсету сапасын жақсарту мен салық есептіліктерін электронды түрге келтірудің маңызы зор.
Негізі салық есептіліктері мен декларацияларын тапсыру электронды жүйе арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе салық қызметінде заң бұзушылықтың алдын алады. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне салықтық қызметтердің 33 түрі енгізілген. Соның ішінде 23 немесе 70 пайызы электронды түрде жүзеге асырылады. Жалпы алдағы 2014-2015 жылдары салық органдарының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарында электронды кезектілікті қабылдау жүйесінің енгізілуі де жоспарланып отыр.
Семинарда оған қатысқан облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменттің өкілдері Ғамзат Дарбаев, Бауыржан Жамантаев және басқалары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз