ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ

41

0

9 мамыр күні
Шиелі ауданындағы «Тағзым» алаңында Жеңіс күні атап өтілді. Ұлы Жеңістің
69-жылдығымен ау­дан тұрғындарын аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев құттық­тады.
Сондай-ақ, соғыс жылдарында қайтыс болған батыр­ларымызға арнап құран оқылып,
«Тағзым” алаңындағы Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішке гүл
шоқтары қойылды. Шара соңы ардақты ардагерлеріміздің құрметіне арналған
мерекелік дастарханға ұласты.

Шиелі
ауданындағы «ҚазАтомПром» ұлттық атом компаниясы меке­мелерінің ұйымдастыруымен
«Шиелі-Демеу» спорт кешенінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр –
Жеңіс мерекесінің 69 жылдығына арнап мерекелік іс-шара өткізілді.

Шара барысында
театрландырылған қойылымдар қойылып, мерекелік шерулер ұйымдастырылды.
Аудандағы «Жас ұлан» патриоттық ұйымының әскери өнері тамашаланып, жанды
тербейтін соғыс кезіндегі әндер шырқалды. Шараға қатысқан аудан басшысы
Қайратбек Сәрсенбаев өз лебізін білдіріп, «ҚазАтомПром» ұлттық атом
компаниясының аудан көлеміндегі мекемелерінің Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 50
мың теңгеден демеушілік танытуына және де кент орталығын шырайландыру
бағытындағы қолдауларына ризашылығын білдірді.

 

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз