ЖЕР ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА ЖЕҢІЛ ҚАРАМАЙЫҚ

41

0

Облыстық аумақтық жер инспекциясы 2013 жылы жұмыс жоспарына сәйкес 58
жергілікті атқарушы органға тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексерумен атқарушы
және уәкілетті органдары атап айтқанда, Қызылорда облысы әкімінің аппараты,
Қызылорда қаласы және аудан әкімінің аппараттары, кент, ауыл округі әкімінің
аппараты және аудандық жер қатынастары бөлімдері мемлекеттік мекемелері
қамтылды.

Атқарушы және уәкілетті органдардың тарапынан жер учаскесін табыстау және
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі тұлғалардан келіп түскен
өтініштердің мерзімінде қаралмауы, жер комиссиясының жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмеуі
және мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын жер учаскелеріне қатысты қабылданған
қаулыларға жер учаскелері бойынша және жер заңдылықтары талаптарының бұзылу
фактілері жиі орын алғаны анықталып отыр.

Тексеру қорытындысымен атқарушы және уәкілетті органдардың тарапынан кеткен
кемшіліктер анықталып, оларға заңбұзушылықтарды жою туралы барлығы 28 нұсқама
берілді. Берілген нұсқамаларда атқарушы органдардың қабылдаған 64 шешімнің
күшін жою, 2 шешімге өзгерістер енгізу және орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта
болдырмау талап етілді.

Сонымен қатар, аумақтық жер инспекциясымен 2014 жылдың ІІ жартыжылдығында
57 атқарушы орган мен уәкілетті органдардың қызметінде жер заңдылықтарының
сақталуына қатысты жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

 

Нұржан ҚАРАҚОЖАЕВ,

Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бөлім басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз