ЖЕРЛЕСІМІЗ – «ДАРЫН» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ

66

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің биылғы «Дарын» мемлекеттік жастар
сыйлығы лауреаттарының есімдері белгілі болды. Олардың арасында біздің
жерлесіміз, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Қытай Халық Республикасындағы
меншікті тілшісі Дәурен Омаров та бар.

Дәурен 1988 жылы туған. Шанхай
қаласындағы Шығыс Қытай Ғылым және технологиялар университетінің бакалавриаты
мен магистратурасын бітірген. Мамандығы – инженерлік менеджмент бакалавры,
экономикалық құқық магистрі. 2012 жылдан бері – «Қазақстан» ұлттық
телеарнасының Қытайдағы меншікті тілшісі.

Дәурен Омаров – Сыр өңірінің түлегі.
Арал ауданындағы №82 Қаратерең орта мектебінде және Қызылорда қаласындағы №23
орта мектепте оқыған.

Ол Шанхай университінің сту­ден­ті бола
жүріп, республикалық «Айқын» газетінің Қытайдағы мен­шікті тілшісі қызметін
қоса атқарды. Он тоғыз жасынан бастап үзбей жазып келеді. Осы уақытқа дейін
жүзге жуық танымдық мақалалары мен деректі дүниелері жарық көрді. Негізгі
тақырыбы – Қытайдағы қазақ тұрмысы, қытайтану мәселелері және Шығыс Азия
елдерінің салт-дәстүрлері.

Қытай және ағылшын тілдерінде еркін
сөйлейді. Бұған дейін «Ша­быт» халықаралық жастар фести­ва­­лінің Гран При
жүлдесінің иегері (2011), Республикалық «Жастар» сый­­лығының (2011) лауреаты
болды.

«Ерте тұратын ел» (2008) және «Ме­рекесі
мол мемлекет» (2010) ат­ты танымдық кітаптары жарық көрген.

«Сыр бойы» газетінде оның қытайтану
мәселелеріне арналған бірнеше мақаласы жарияланған.

Жас журналист жерлесімізге табыс тілейміз!

Өз тілшімізден.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз