ЖЕРЛЕСІМІЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

47

0

Kyzylorda-news сайты жерлесіміз, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваның Италияда жастар арасында өткен «Gardena Spring Trophy – 2014» халықаралық турнирінде жеңіс туын желбіреткенін хабарлап отыр.
Он мемлекеттен қатысқан дүбірлі додада ол чемпион атанды. Екінші және үшінші орындарды америкалық спортшылар иеленді. Ел абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтерген жерлесіміз – осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр Элизабет Белоруссия астанасы Минскте өткен жастар арасындағы Гран-при додасының күміс жүлдесін иеленген болатын. Биылғы жылдың қаңтар айында Словакияның Братислава қаласындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Енді қызылордалық спортшы Элизабет 2-6 сәуір аралығында Словенияда болатын «ТРИГЛАВ ТРОФИ -TRIGLAVTROFHY-2014 дәстүрлі халықаралық турниріне қатысуды көздеп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз